Жарық көздері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№15 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Конысбаева Меруерт Сапарбаевна
Сабақтың тақырыбы
- § 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері
- § 62. Күн – жұлдыз
Сабақтың мақсаты
Жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы және Күннің құрылысы туралы мағлұмат беру.
Білімділік
Тіршілік үшін жарықтың маңызын түсіндіру, оқушылардың өзіндік ой қорытуына және білімін тереңдетуіне жағдай жасау.
Дамытушылық
Ой-өрісті дамыту, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға және дәлелдеуге машықтандыру.
Тәрбиелік
Жауапкершілікпен жұмыс істеуге, сыныптастардың пікірін тыңдауға және өзара құрметке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Ережелер: тыныштық сақтау, тәртіп сақтау, бір-бірін сыйлау.
- Топтарға бөлу: «Күн», «Жер», «Ай».
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыптар: § 59–60. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша тест тапсырмасы.
-
1) Магнит өрісін өзгерткенде электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
- a) Электр өрісі
- ә) Электромагниттік индукция құбылысы
- б) Магнит өрісі
-
2) Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
- a) Андре-Мари Ампер
- ә) Алессандро Вольта
- б) Майкл Фарадей
-
3) «Индукция» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
- a) Магнит
- ә) Бағыттау
- б) Индукция
-
4) Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина:
- a) Трансформатор
- ә) Генератор
- б) Ротор
-
5) Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
- a) Трансформатор
- ә) Генератор
- б) Ротор
III. Жаңа сабақ
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика деп аталатын бөлімі қарастырады (грек тілінен аударғанда «көрінетін», «көруге болатын» дегенді білдіреді).
Жарық дегеніміз не?
Жарық — табиғаты ерекше бөлшектер ағыны, яғни фотондар ағыны. Фотондар жарық көздерінен жарықталған денелерге энергия жеткізеді. Бұл энергия жарық энергиясы немесе сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Жарықтың таралу жылдамдығы
Фотондардың қозғалу жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығына сәйкес келеді. Жарық жылдамдығы ортаға байланысты әр түрлі болады. Тәжірибе бойынша вакуумдегі жарық жылдамдығы: c = 300 000 км/с. Бұл — табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық; мұндай жылдамдықпен ешбір дене немесе зат бөлшектері қозғала алмайды.
Ортаға байланысты мәндері
| Орта | Жылдамдық |
|---|---|
| Вакуум | c = 300 000 км/с |
| Ауа | c = 299 711 км/с |
| Су | c = 225 000 км/с |
| Шыны | c = 200 000 км/с |
Жарық көздері және Күн
Жарық көздері — жарық шығаратын денелер. Ғаламдағы негізгі жарық көздері — жұлдыздар. Жұлдыздардың ішінде біз оның дөңгелегін анық көре алатын, әрі бізге ең жақын жұлдыз — Күн.
Күн — кәдімгі жұлдыз. Сондықтан оны жан-жақты зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жер массасынан 333 000 есе үлкен. Ол — өздігінен сәуле шығаратын қуатты энергия көзі: Күн жүйесіндегі денелерді қыздырады, атмосфераларға әсер етеді, Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылуды береді.
Күн энергиясының бір бөлігі Жер қойнауында тас көмір, мұнай және басқа да пайдалы қазбалар түрінде жиналған. Барлық жұлдыздар сияқты, Күн негізінен қызған газдан тұратын шар: құрамы көбіне сутек, ал гелий қоспасы шамамен 10%.
IV. Сабақты бекіту
1) Сызбаны толтыру
- «Күн» тобы: люминесценциялық жарық көздері
- «Жер» тобы: шағылған жарық көздері
- «Ай» тобы: дербес жарық көздері
2) Күн – Жер байланыстары
Күннің сәуле шығару энергиясы Жердің климатына, жылу алмасуына, атмосфералық құбылыстарға және тіршілік үдерістеріне тікелей әсер етеді.
3) Деңгейлік есептер
Өтілген тақырыптар бойынша есептер шығару арқылы формулаларды қолдану дағдысы бекітіледі және нәтижені талдау машығы қалыптасады.
I деңгей
- Өткізгіштің ұштарына түсірілген кернеу 5 В, одан өткен заряд 100 Кл. Токтың жұмысын табыңдар.
- Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымда 100 с-та қанша жылу мөлшері бөлінеді?
II деңгей
- Ток күші 1 А болғанда 10 с ішінде электролиттік ваннаның катодында қанша кг мыс бөлінеді? (k = 3,3 × 10−7 кг/Кл)
- Электролит арқылы 1 сағат бойы 1 А ток жүреді. Катодта бөлінген күмістің массасын анықтаңдар.
III деңгей
- Жұмысы 400 Дж, ток күші 40 А. Өткізгіштің 3 минут ішіндегі кедергісін табыңдар.
- Металл заттарды мырышпен қаптау кезінде 1 сағат ішінде қанша кг мырыш бөлінеді, егер қоспаға 2 В кернеу беріліп, оның кедергісі 4 Ом болса?
4) «Бәйге» ойыны
Шарты: аттардың артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы үш топ жарысады. Дұрыс жауап берген топтың «аты» алға жылжиды.
«Күн» тобы
- Бізге ең жақын жұлдыз қалай аталады? (Күн)
- Жарық қоңыздары, теледидар экраны, ағаштың шірінділері, судың терең қабатында жүзетін балықтар, сиретілген газ — қай жарық көзіне жатады? (Плазмалық)
- «Күн желі» деп аталатын ыстық ағын қай жарық көздеріне мысал бола алады? (Люминесценциялық)
«Жер» тобы
- Күннің бізге көрінетін бөлігі қалай аталады? (Фотосфера)
- Күн бетіндегі еркін түсу үдеуі шамамен қандай? (≈ 274 Н/кг)
- Соңғы деректер бойынша Күннің жасы қанша? (Шамамен 5 млрд жыл)
«Ай» тобы
- Вакуумде жарық қандай жылдамдықпен таралады? (c = 300 000 км/с)
- Табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық қай ортада? (Вакуумде)
- Жарық көздері неше топқа бөлінеді? (Екі: дербес және шағылған)
5) Үлестірмелі материал
Тақырып бойынша қысқа тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар таратылады.
V. Қорытындылау
Сабақ соңында негізгі ұғымдар қайталанып, жарықтың табиғаты, жарық жылдамдығының ортаға тәуелділігі, жарық көздері және Күннің жұлдыз ретіндегі ерекшеліктері бойынша қорытынды жасалады.