Наурыз келсе қайтем
Мақсаты
Балалардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту, ой-өрісін және тілін дамыту. Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге баулу, бірлікке, достыққа тәрбиелеу; өнегелі, өнерлі азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Сахналық көрініс
Қазақтың ұлттық киімін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар» күйінің сүйемелдеуімен мерекелік бағдарлама өтетін орынға келіп, өз орындарына тұрады.
Құттықтау сөзі
Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш-өкпе кетсін!
Наурыз — жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын! Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!
Шығыс әуені және қонақтардың келуі
Шығыс музыкасы ойнап тұрады. Залға Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.
Наурыз келді, гүлім. Жер көгереді, ел көгереді, гүлім.
Наурыз келсе қайтем… Маған қызық емес.
Ол — Наурыз, жыл басы. Мұсылман қауымның бәрі Наурыз мерекесін тойлайды.
Сені қалай көңілдендірсем екен? Әлде қыздарға би билетейін бе?
(Басын шайқайды.)
Жыл сайын тойлай береміз бе? Жалықтырып жіберді…
Онда жігіттерге ән айтқызайын ба?
Енді не істейін, жұлдызым, күнім?
(Секіріп қуанып.) Мен қыдырғым келеді, басқа елді көргім келіп тұр!
Қайда барамыз?
Жауышылардың шақыруы
Залға екі атпен жаушы шауып кіреді.
Уа, ағайын-туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдік шақырып,
Ат терлетіп алыстан.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық.
Наурыз тойын бәріміз
Биыл бірге қарсы алайық!
Амансыңдар ма, жігіттер? Мерекеге шақырғандарыңа рахмет!
Қазақстан еліне барамыз!
Жарайды, барайық. Қазақ елі — бізге туысқан, біз сияқты мұсылман халық. Өте қонақжай халық деп естідім.
(Музыкамен жүріп, шаңырақ ішіне кіріп отырады.)
Шашу дәстүрі
Ақ тілек пен береке
Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу — салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал шашуымды,
Қабыл болсын халқымның ақ тілегі!
(Шашу шашылады.)
Қорытынды тілек
Наурыз — жыл басы. Наурыз тойы құтты болсын! Дендерің сау, мықты болсын! Аман-есен болайық!