Жасыл қалпақ
Математика · 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сілтеме: математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор.
Сабақтың жабдығы
- Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
- Кестелер
Мақсаты
- Көп таңбалы сандарға қатысты өтілген есептеу тәсілдерін бекіту
- Оқып-үйренген тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтау
- Қажет болса түзетулер жүргізу
Сабақтың барысы
Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесі бойынша ауызша сұрау жүргізіледі.
I. Өткенді пысықтау
Топпен жұмыс: «Алтын күз ағашын құрастырайық» ойыны. Оқушылар тапсырмаларды орындап, дұрыс жауапқа сәйкес бөліктерді ағашқа орналастырады.
Есептеулер
460 × 10 = □
49 × 1000 = □
9080 : 10 = □
49000 : 1000 = □
Өлшем бірліктерін түрлендіру
460 т = □ ц
49 м = □ мм
□ м = 90 дм
□ т = 49000 кг
□ км = 49000 м
460 м = □ дм
460 см = □ дм
49000 мм = □ м
9080 ц = □ т
9080 см = □ дм
□ кг = 49 т
49000 м = □ км
IV. Жаңа сабақ
Жұмыс форматы: «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі. Әр «қалпақ» белгілі бір ойлау түрін білдіреді және тапсырмалар соған сәйкес орындалады.
Ақ қалпақ
Түсіндіру · Еске түсіру · ҚайталауҚосындыны санға көбейту
(a + b) · c = a · c + b · c
c · (a + b) = c · a + c · b
Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосамыз.
Қосындыны санға бөлу
(a + b) : c = a : c + b : c
Қосындыны санға бөлу үшін қосылғыштарды сол санға жеке-жеке бөліп, шыққан мәндерді қосамыз.
Оқулықта берілген тапсырмалар орындалады.
Сары қалпақ
Пайдалы тұстар · ҮлгіКөбейту қатарлары
- 23 × 2 = … · 230 × 2 = … · 2300 × 2 = … · 23000 × 2 = … · 230000 × 2 = …
- 23 × 4 = … · 230 × 4 = … · 2300 × 4 = … · 23000 × 4 = … · 230000 × 4 = …
Үлгі түсіндіру (23 × 2)
- 23 санын 20 және 3 деп жіктейміз.
- 20-ны 2-ге көбейтеміз: 40.
- 3-ті 2-ге көбейтеміз: 6.
- 40 пен 6-ны қосамыз: 46.
Қорытынды: 23 × 2 = 46
Жасыл қалпақ
Ізденіс · ТәсілБөлу қатарлары
- 46 : 2 = … · 460 : 2 = … · 4600 : 2 = … · 46000 : 2 = … · 460000 : 2 = …
- 92 : 2 = … · 920 : 2 = … · 9200 : 2 = … · 92000 : 2 = … · 920000 : 2 = …
Үлгі түсіндіру
46 : 2
- 46 санын 40 және 6 деп жіктейміз.
- 40-ты 2-ге бөлеміз: 20.
- 6-ны 2-ге бөлеміз: 3.
- 20 мен 3-ті қосамыз: 23.
Қорытынды: 46 : 2 = 23
92 : 2
92 санын 2-ге бөлінетіндей қолайлы қосылғыштарға жіктейміз: 80 және 12.
- 80 : 2 = 40
- 12 : 2 = 6
Қорытынды: 92 : 2 = 46
Қызыл қалпақ
Байланыс · ТексеруКөбейту қатарлары
3 × 8 = … · 30 × 8 = … · 300 × 8 = … · 3000 × 8 = … · 30000 × 8 = …
Бөлу қатарлары
24 : 8 = … · 240 : 8 = … · 2400 : 8 = … · 24000 : 8 = … · 240000 : 8 = …
Көбейту мен бөлу — өзара кері амалдар. Көбейтуді бөлумен тексереміз: 3 × 8 = 24, демек 24 : 8 = 3.
Қара қалпақ
Сын көзқарас · Қарсы пікір1-мысал
- Әр бағандағы 1-ші көбейткіш алдыңғысынан 10 есе артық.
- 1-ші қатардағы 2-ші көбейткіш 2-ші қатардағы 2-ші көбейткіштен 2 есе кем.
2-мысал
- Әр бағандағы бөлінгіш алдыңғы бағандағы бөлінгіштен 10 есе артық.
- 1-ші қатардағы бөлінгіш 2-ші қатардағы бөлінгіштен 2 есе кем.
3-мысал
- Әр бағандағы 1-ші көбейткіш алдыңғысынан 10 есе артық.
- Әр бағандағы бөлінгіш алдыңғысынан 10 есе артық.
Көк қалпақ
Қорытынды · БасқаруСабақ соңында орындалған тапсырмалар қорытындыланып, негізгі тәсілдер қайта нақтылайды: қосындыны санға көбейту және бөлу ережелері, сондай-ақ көбейту мен бөлудің өзара кері амал екені.