Қыз қуу ойыны

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту (СТО технологиясы)

Әдістер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Көрнекілік және байланыс

Оқулық, суреттер, ойын түрлері; пәнаралық: ана тілі, математика

Сабақтың мақсаты

  • 1. Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру; оның заттың, құбылыстың, ұғымның атауы екенін түсіндіру.

  • 2. Оқушының ой-өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын және белсенділігін арттыру.

  • 3. Сауаттылыққа, мәдениетті әрі дұрыс сөйлеуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

— Екі көз не үшін керек? Жақсыларды көру үшін.

— Екі қол не үшін керек? Елге көмек беру үшін.

— Екі құлақ не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Ендеше, балалар, бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, білімімізді көрсетейік. Ребус пен сөзжұмбақ шешу арқылы топ аттарын анықтаймыз:

  • I топ

    Зат есім

  • II топ

    Сын есім

  • III топ

    Сан есім

II. Миға шабуыл

Үй тапсырмасын тексеру:

46-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып жазу.

III. Мағынаны тану

Алда қандай мерекелер келе жатыр? Ол мерекелерде қандай ұлттық ойындар ойнатылады? Ұлттық ойындар туралы көбірек білу үшін тапсырмаларды біртіндеп орындаймыз.

1) Түбір сөз бен тәуелденген сөздерді салыстыру

Ережені еске түсіру

Ұлттық ойын: Көкпар

Көкпар — ұлттық ат ойыны. Әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрын мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні сойып алғанда, оның өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін бұл әрекет ұлттық ойынға айналған. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

IV. Ой қозғау

2) Жұмбақ шешу

Аузы бар, тілі жоқ, Терісі бар, жүні жоқ. Жүрегі бар, ізі жоқ, Қанаты бар, ұшпайды, Су астында қыстайды.

Жауабы: балық

  • Тәуелденген сөздерді табу.

  • Қарамен жазылған сөздің түбірін анықтау.

Ұлттық ойын: Қыз қуу

Қыз қуу — ұлттық ат спорты ойыны. Қазіргі кезде ойын ережелері жүйеленген. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Жарыста жігіт атқа мініп, белгіленген бұрылысқа дейін алдында шауып бара жатқан қызды қуып жетсе, бетінен сүюі тиіс — бұл жігіттің жеңгені. Егер қуып жете алмаса, қайтар жолда қыз жігітті (және оның атын) қамшымен осып өтеді — бұл қыздың жеңгені.

3) 53-жаттығу

Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазу.

Ұлттық ойын: Теңге алу (теңге ілу)

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті және шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұл — ертеден келе жатқан ат спорты ойындарының бірі. Ойын тегіс жерде өткізіледі. Қатысушыларға қойылатын талап: жасы 18-ден асқан болуы.

V. Ой толғаныс

4) Ребус шешу (жұмбақ)

Күнделікті тамағы — балықтың шабағы. Теңізге барғандар жағадан табады.

Жауабы: шағала

Ұлттық ойын: Ханталапай

Ханталапай бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға 2 адамнан 10 адамға дейін қатысады. Асық көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінен бір асық қызыл түске боялады, ол — «хан». Ойынды бастайтын бала барлық асықты қос уысына жинап, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады. Егер хан алшы түссе, балалар жарыса «хан талапай!» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. Хан кімнің қолына түссе, сол бала жеңімпаз саналады.

5) Бес жолды өлең құрастыру

I топ

Асық

II топ

Жылқы

III топ

Ауыл

Ұлттық ойын: Аударыспақ

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз адамға бұл сайыс оңайға соқпайды. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Негізгі жеңіс ат пен сайыскер жігіттің бірлескен ширақ қимылына байланысты. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударыспақ — күш-жігердің басымдығын көрсететін, байсалды шеберлікке негізделген сайыс.

VI. Ой қорыту

Қорытындылау: зат есім және оның тәуелденуі туралы негізгі ұғымдарды бекіту.

Ұлттық ойын: Аламан бәйге

Аламан бәйгеде жүйрік аттар 25–100 шақырым қашықтыққа шабады. Жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белес сияқты кедергілер болуы мүмкін. Аламан бәйге үлкен тойларда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Үй тапсырмасы

Сөздерді үш жақта (жекеше және көпше түрде) тәуелдеп жазу.