Жамбыл - айтыс ақыны
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Пән
Қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы
Жамбыл – айтыс ақыны
Сабақтың типі
Білім, білік, дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі
Практикалық
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, тарих, мәнерлеп оқу, халық ауыз әдебиеті, музыка
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Жамбыл өлеңдері мен айтыстарының мәнін ашып меңгерту.
- Жатқа айту дағдысын дамыту.
- Өлең талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды игерту.
Тәрбиелік
- Патриотизмге, өз-өзін қадірлеуге тәрбиелеу.
- Табиғатты сүю, қорғау, адам мен табиғат бірлігін сақтау құндылықтарын нығайту.
- Ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу.
- Елін, жерін сүюге бағытталған гумандық-патриоттық тәрбие беру.
Дамытушылық
- Ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту.
- Өздігінен білім алып, дами алатын тұлға қалыптастыру.
- Көркем сөз айшықтарын талдау арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- Өз ойын жүйелі жеткізу шеберлігін жетілдіру.
Кәсібилік
- Оқушылардың болашақ мамандығына сай кәсіби дағдыларын дамыту.
- Педагогикалық технология әдістерімен таныстыру.
- Әдістердің қолданылу реті мен тәсілдерін түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер
Базалық
- Жамбыл өлеңдері мен айтыстарының мәнін меңгереді.
- Жамбылдың айтыстағы шеберлігін таниды.
Кәсіптік
- Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді тәжірибе жинақтауда пайдалана алады.
Сабақтың ресурстары
Сабақтың жабдықталуы
- Слайд, бейнематериал, кітаптар, журналдар, портфолио
- Интербелсенді тақта
Таратпа материалдар
- Сұрақтар тізбесі
- Деңгейлік тапсырмалар
- «Алты қалпақ» және басқа әдістер
Ақпараттық қор
Негізгі әдебиеттер
- С. Қирабаев. Қазақ әдебиеті (10 сынып). Мектеп баспасы, 2010.
- Б. Әрінова. Қазақ әдебиеті (10 сынып). Дидактикалық материалдар. Мектеп баспасы, 2010.
- Г. С. Умарова. Қазақ әдебиетінің тарихы. Фолиант, Астана, 2007.
- Н. Алдабек. Қазақ әдебиеті. Қазақ университеті, 2013.
- С. Мақпырұлы. Қазақ әдебиеті. Фолиант, Астана, 2007.
Қосымша әдебиеттер
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» №5 (2010), №11 (2010)
- «Ұлағат» №5 (2014)
- «Аңыз адам» №20 (тамыз, 2014), №19 (тамыз, 2014)
Негізгі терминдер мен ұғымдар
Сабақтың технологиясы мен әдістері
Негізгі әдістер
- Блум таксономиясы
- Сұрақ-жауап
- РАФТ әдісі
- Топтастыру
- Сызықтық диктант
Блум таксономиясының кезеңдері
- Білу
- Түсіну
- Қолдану
- Талдау
- Жинақтау (синтез)
- Бағалау
Таксономия — нысандарды белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар арқылы жүйелеп, нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру. Бұл әдіс оқушының ойлау дағдыларын кезең-кезеңімен дамытады.
Нақтылау
Бүгінгі сабақта Жамбылдың айтыстарына ерекше назар аударылады.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
10 минут
Қызыл тілдің шебері —
Ол қазақтың Гомері.
Шайырлардың шайыры,
Ақындардың атасы.
Қызығушылықты ояту: топтастыру (математикалық ойын)
- 1000 + 800 + 23 × 2 Ақынның дүниеге келуі — 1846
- 600 × 3 + 61 Сүйінбай ақыннан бата алуы — 1861
- 100 × 10 + (1000 − 59) «Ленинградтық өренім» өлеңі — 1941
- 500 × 2 + 936 «Туған елім» толғауының жариялануы — 1936
- 900 × 2 + 138 75 жылдық мерейтойы — 1938
Бағалау парақтары таратылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
10 минут
Үй тапсырмасы: Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Тексеру форматы: сызықтық диктант.
| № | Тұжырым | Белгі | Түсіндірме |
|---|---|---|---|
| 1 | Ж. Жабаев Хан, Жамбыл тауларының бөктерінде дүниеге келген. | + | |
| 2 | «Жалғызбын деп жүрмесін» өлеңі Бұрым қызға арналған. | — | Бұл — А. Құнанбаевтың Әбдірахман ұлы қайтыс болғанда айтқан көңіл айтуы. |
| 3 | Сатираның түрлі тәсілдері шебер қолданылған өлең — «Кәрібайдың төбеті». | + | |
| 4 | «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері 1916 жылы жазылды. | + | |
| 5 | «Домбыраң — берен, жырың — оқ» жолында эпитет пен теңеу бар. | — | Бұл жерде метафора қолданылған. |
| 6 | Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Орынбай Тайманов — Ж. Жабаевтың шәкірттері. | + | |
| 7 | «Қақаған қар аралас соғып боран...» жолдары «Әкеме» өлеңінде кездеседі. | — | Бұл жолдар «Менің өмірім» өлеңінде беріледі. |
| 8 | Ә. Тәжібаев, Қ. Әбдіқадыров, Т. Жароков, Ғ. Орманов — Ж. Жабаевтың әдеби хатшылары болған. | + | |
| 9 | Ж. Жабаев «Көрұғлы» дастанын шығарған. | — | |
| 10 | Ж. Жабаев сыншылдықпен шындықты айту — ақынның парызы деп санаған. | + |
III. Жаңа сабаққа дайындық
5 минут
Оқушыларға бүгінгі сабақтың Блум таксономиясы арқылы өтетіні хабарланады және әдіс туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Бенджамин Блум
Бенджамин Блум — америкалық педагог-психолог, Блум таксономиясының авторы.
Әдістің мәні
Бұл құрылым ойлауды шыңдауға, мәселе бойынша пікір айтуға, күрделі міндеттерді шешуге және маңызды шешім қабылдауға жетелейді. Оқыту мен үйрену бірлігі оқушының қызығушылығы мен сеніміне сүйенеді.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
15 минут
Білу кезеңі
- Ассоциация арқылы Ж. Жабаев туралы білетіндерін жазу.
- Бейнематериал арқылы Жамбыл туралы білімді толықтыру.
Түсіну кезеңі: Жамбыл — айтыс ақыны
Айтыс — суырыпсалма ақындық өнердің ерекше жанры, әрі ең күрделі түрлерінің бірі. Жамбылдың XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаянына қатысты деректер аз, сондай-ақ ұшан-теңіз жыр-толғаулары мен айтыстарының бәрі толық сақтала бермеген.
Сақталған мұралар мен негізгі бағыттар
Ерте кезеңнен жеткен өлеңдер
- Дүмше молданы әжуалаған «Шағым».
- Ақындық жолына рұқсат сұраған «Әкеме».
- Ұстазын ұлықтаған «Менің пірім — Сүйінбай».
- Бозбала кезеңінің көркем мұрасы — «Айкүміспен айтыс».
- Кәмшат сұлуға арналған құрбылық наз өлеңі.
Тегеурінді өлеңдер, айтыстар, дастандар
Жетісу, Қаратау, Сыр өңірін өнерімен тәнті еткен Жамбыл қырғыздың шалқар «Манасын», Шығыстың әйгілі қиссаларын да жырлаған. Сол кезеңнен бізге жеткен қомақты мұра қатарында:
- «Кедей күйі», «Пұшықтың ұрыға айтқаны», «Әділдік керек халыққа», «Кәрібайдың төбеті», «Жылқышы», «Мәңке болыс».
- Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет және өзге ақындармен айтыстары.
- Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандар.