Кестені пішімдеудің жолдарын ата

Сабақ тақырыптары

Бұл сабақта мәтінмен және кестемен жұмыс істеудің практикалық дағдылары қарастырылады: мәтінді көшіру мен орнын ауыстыру, құжатты баспаға дайындау және басып шығару, беттерді нөмірлеу, кесте құру, ұяшықтарды қосу, өшіру, біріктіру және кестені жиектеу.

Негізгі дағдылар

  • Мәтіндік блокты белгілеу, көшіру, жылжыту
  • Алмасу буфері арқылы көшіру/қою
  • Алдын ала қарау, баспа параметрлерін баптау
  • Кесте құру және ұяшықтарды басқару

Нәтиже

Оқушылар мәтінді тиімді өңдеп, құжатты баспаға дұрыс дайындайды, беттерді нөмірлейді, кестелермен сенімді жұмыс істейді және пішімдеуді ұқыпты орындайды.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу, құжатты баспаға шығару, беттерді нөмірлеу, кесте құру, ұяшықтарды қосу/өшіру/біріктіру және кестелерді жиектеу бойынша білім қалыптастыру.

Тәрбиелік

Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Есте сақтау мен зейінді дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру, практикалық әрекет арқылы дағдыны нығайту.

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, жұмыс тәртібін еске салу, сабақ мақсаттарын қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Практикум жұмыстарын талқылау және өткен тақырыптарды қайталау сұрақтары:

  1. 1Мәтіндік құжатты пішімдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. 2Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар.
  3. 3Мәтінді пішімдеу режимдерін атаңдар.
  4. 4Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
  5. 5Жоларалық интервалдың түрлерін атаңдар.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу

Мәтіндік блокты көшіру үшін алдымен қажетті бөлікті белгілеңдер. Содан кейін пернені басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оны жаңа орынға жылжытыңдар.

Көшіру кезінде курсор жанында «+» белгісі бар шағын төртбұрыш пайда болуы тиіс.

Маңызды

Ақпаратты көшіру және орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады: Правка → Копировать арқылы көшіріп, Правка → Вставить арқылы қоясыңдар.

Мәтіндік құжатты баспаға шығару және беттерді нөмірлеу

Үлкен көлемді құжатпен жұмыс барысында беттерді нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка → Номера страниц командасын таңдаңдар.

Құжаттарды басып шығару

  1. 1 Баспаға жібермес бұрын Файл → Предварительный просмотр командасын таңдаңдар.
  2. 2 Файл → Печать командасын таңдаңдар.
  3. 3 Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдаңдар.
  4. 4 Копии бөліміндегі Число копии өрісінде қажет даналар санын көрсетіңдер.
  5. 5 Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі басылатынын баптаңдар.

Кесте құру және ұяшықтарды басқару

Ұяшықтарды біріктіру

Қажетті ұяшықтарды белгілеп, Таблица → Объединить ячейки командасын таңдаңдар.

Ұяшықтарды бөлу

Қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица → Разбить ячейки командасын таңдаңдар.

Ұяшық қосу

Таблица → Вставить ячейки командасын таңдаңдар.

Қатар және баған қосу

Таблица → Вставить командасын пайдаланыңдар.

Кестені пішімдеу кезінде жиектеу (шекаралар) мен ұяшықтардың орналасуын дұрыс таңдау құжаттың оқылымдылығын арттырады.

IV. Сабақты бекіту

Жаңа тақырып бойынша бекіту сұрақтары:

  1. 1Беттерді қандай тәсілдермен нөмірлеуге болады?
  2. 2Құжатты басып шығару үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
  3. 3Кесте деген не?
  4. 4Кесте құру жолдарын атаңдар.
  5. 5Ұяшықтарды біріктіру, бөлу және қосу үшін қандай командалар орындалады?
  6. 6Кестені пішімдеудің негізгі жолдарын атаңдар.

V. Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тақырыпты оқу және практикум тапсырмаларын орындау.

VI. Оқушыларды бағалау

Бағалау практикалық жұмыстың орындалуы, жауаптардың дәлдігі және жұмыс мәдениеті бойынша жүргізіледі.