Жануарлардың тобын ата

Сауат ашу • 1-сынып • ҚМЖ

Сабақ тақырыбы: Құстар. Үй құстары. Дыбыс

Пән: Сауат ашу

Мұғалім: Байдилдаева М.Ш.

Сабақ мақсаты

Білімділік

Оқушыларға құстар туралы әртүрлі мәлімет беру, көптүрлілігін салыстыру арқылы пайдасын және тіршілік ету ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін, тілін және құстарға қамқорлық көзқарасын дамыту.

Тәрбиелік

Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Слайдтар

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірме
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын түріндегі тапсырмалар

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Психологиялық жаттығу

  • Бүркітке не жарасады? (самғаған) — қолдарын жазып көрсетеді.
  • Шегірткеге не жарасады? (секірген)
  • Ақ тауыққа не жарасады? (шоқыған)
  • Ақылдыға не жарасады? (оқыған)

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығы оянып, тапсырмаларға ынтамен кіріседі.

Қызығушылықты ояту

Сұрақ-тапсырмалар:

  1. Жануарлардың топтарын ата.
  2. Дала жануарларын неге жабайы аңдар дейміз?
  3. Бірнеше жабайы аңды ата.
  4. Үй жануарларын ата.
  5. Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Елдің әні, көлдің сәні, ең сұлу құс — аққу. Бұл құс жұбымен жүретіндіктен, жас жұбайларды аққуға теңейді.

Есімдермен жұмыс

Қыз есімдері

  • Ақ…
  • Ақ…
  • Ақ…

Ұл бала есімдері

  • Қу…
  • Қу…
  • Қу…

«Жоғалған буындар» ойыны

Құстардың атауын толықтырып, олардың қай топқа жататынын анықта.

Үй-… Са-…-қан Та-… Қар-… Бұл-… Тор-… Тыр-… Бүр-… Ба-…-пан

Түсіндірме

Құс атауларымен байланысты қойылған адам есімдері туралы қысқаша мәлімет:

Бұлбұл Бүркітбай Мекен Шағала Торғай Қаршыға Сандуғаш Сұңқар

«Құстар қалай дыбыстайды?» ойыны

Құстардың дыбысына қарай ажыратып, атын ата.

  1. Қораз
  2. Тауық
  3. Бұлбұл
  4. Көкек
  5. Қарға
  6. Қаз
  7. Қарлығаш

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?

Сергіту сәті ойды сергітіп, шаршауды басады.

Ой толғаныс

Тақырыпты бекіту

Бүгінгі сабағымызда құстар туралы әңгімелейміз. Құстарды қанатты жануарлар деп атайды. Олар тіршілік ету ерекшелігіне қарай үй құстары және жабайы құстар болып бөлінеді.

«Адасқан құстар» ойыны

Құстарды дұрыс топтастыр:

Жабайы құстар Үй құстары
Бүркіт Әтеш
Тырна Тауық
Аққу Үйрек
Шағала Қаз
Тоқылдақ Түйетауық
Қыран

«Қыран» сөзжұмбағы

Жұмбақтарды шешіп, құстардың атын тап:

  1. Елдің әні, көлдің сәні.
  2. Шарлап келіп даланы, үйіме ұя салады.
  3. Бейбітшілік құсы — …
  4. Алшаң-алшаң басады, бірін-бірі көрсе қаңқылдасады.
  5. Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талтаңдап.

Қосымша тапсырма: «Кім зерек?»

Суреттің жартысын қарап, құсты ажырат:

  • Бүркіт
  • Тауық
  • Түйетауық
  • Қарлығаш
  • Аққу

«Аққу» ойыны

Тез ойлап, құс атауына байланысты адам есімдерін атап, мағынасын түсіндір.

Қорытынды, бекіту және бағалау

Қайталау сұрақтары

  • Құстардың қандай түрлері бар?
  • Жабайы құстарды ата.
  • Үй құстарын ата.
  • Құстардың қандай пайдасы бар?

Үй тапсырмасы

«Маған ұнайтын құс» тақырыбында қысқаша әңгіме құрастыр.

Бағалау және кері байланыс

  • Бағалау парақшасын толтыру (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау).
  • Кері байланыс: смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстыру.
  • Күнделікке жазба беріледі.