Сауда қылып, мал тап

Мағжан Жұмабаев

Кердең - кердең жүресің сен, не таптың?
Мен айтайын - айнымайтын жар таптым.
Күндіз - түні жар қойнында жатамын,
Естімеймін уын - шуын жан - жақтың.
Қанша құшсам - дағы сусын қанбаған,
Жан жарым бар, неге керек мал маған!
Жұрттың бәрі - ақ: Оңбаған жан! - дей берсін,
Жан жарым бар, неге керек ар маған?!
Жарым күншіл, көз салдырмайд жан - жаққа,
Жібермейді жұмысқа да мансапқа.
Сондай ерке, оны құшып, керіліп,
Күндіз - түні күңірене бер тек жат та.
Әкем маған: Сауда қылып, мал тап! - дейд,
Жарым маған: Мал деген не, тек жат! - дейд.
Елім маған: Елге еңбек қыл! - дегенде,
Жарым маған: Жатқан адам бекзат! - дейд.
Жар айтқан соң, жаннан жақын көрген жар,
Жардың тілін алмауға не дәтім бар?!
Тілін алдым - үйден, елден айрылдым,
Бірі де жоқ - мал да, ел де, намыс, ар.
Жар жат дейді, жатамын да жатамын,
Mac адамдай бос ойға ылғи батамын.
Ашылғанда ұйқыдан көз, бар ісім -
Қылжалаңдап, жоқты - барды шатамын.
Әрине, енді мені мақтар пенде жоқ,
Жап - жақсы еді, жар аздырды - ау! - дейді көп.
Жұрт сөзі не? Жан жарымның қойнында
Жата берем: Жаным, жаным, жарым! - деп.
Бұл жарым кім? Тапшы қәне.- Денсаулық?
Сен дейсің ғой: Алма бетті, ақ жаулық...
Жоқ, жолдасым, адасасың, айтайын:
Жарым менің - аты шулы жалқаулық!



Ұқсас жұмыстар

ХІХ ғасыр ақындары туындыларындағы заман бейнесі
Абайдың «қара сөздерінің» тәрбиелік мәні
Ақтабан шұбырынды - Ұлы қасірет жылдары
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы
Көшпелі мал шаруашылығы
Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы
Ислам дiнiнің әлеуметтік құндылықтары
Ислам діні туралы жалпы мағлұмат
XVII-ші ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ-қалмақ қатынастары
Құран және ғылым
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
ДОМАЛАҚ АНА
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
ТМД елдерiндегi ақша реформалары
Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
1922—1924 жж. Ақша реформалары
Қазақ радиодағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың қисындары
Паскаль программалау тілі