Музыка пәні мұғаліміЖанар Умарова КамиевнаМақсаты

Шараның мақсаты

  • Оқушылардың музыка сабағынан алған білімін дамыту және өнерге қызығушылығын арттыру.
  • Қазақ халқының әні, биі мен күйлерін бойына сіңіруге ықпал ету.
  • Қазіргі өнерге қатысты көзқарасын қалыптастыру.
  • Шапшаңдыққа, алғырлыққа және топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқушылар мен ұстаздар!

«Ән — көңілдің ажары» атты шарамызда әннен шашу шашуға дайынбыз. Көз аудармай тыңдап, бір әнді де қалдырмай шырқауға даяр болсаңыздар — бастайық!

Бүгінгі ойын ерекше әсерлі болады деп сенемін. Себебі біздің қонақтарымыз — ай десе аузы, күн десе көзі бар көрікті 6 «Ә» сыныбының оқушылары.

Танысу

I топтың таныстыруы

Танысу

II топтың таныстыруы

I айналым (музыка)

Бұл айналымда 5 тақырып беріледі. Әр тақырыпта бір ән жасырылған. Әнді мектеп оқушылары құлаққаппен ыңылдап айтады, ал біз тек музыкасыз нұсқасын — яғни оқушының даусын ғана естіп, әннің атауын табуымыз керек.

Ереже

  • Сайыс шапшаңдықты қажет етеді.
  • Жауап дайын болғанда алдарыңыздағы аспаптан дыбыс шығарып белгі бересіздер. Кім бірінші белгі берсе — сол жауап береді.
  • Дұрыс жауапқа — 1 ұпай. Қате болса, келесі топқа мүмкіндік беріледі.
  • Ән табылғаннан кейін бәріміз оны музыка сүйемелдеуімен бірге орындаймыз.

Сырласайық

«Жан досым»

Отан ана

«Қазақ елі»

Күз шашуы

«Қызыл өрік»

Жүрек жылуы

«Аяла»

Балдырған шақ

«Ертегілер»

I айналым аяқталды.

II айналым (музыка)

Бұл айналымда алдарыңызға 3 тақырып ұсынылады. Тақырыпқа байланысты түсті таңдайсыздар, ішінен әннің әуені қойылады. Мұнда шапшаңдық аса қажет емес: тақырыпты таңдаған топ бірінші жауап береді. Егер таба алмаса — екінші топ жауап береді. Тақырыптарды кезекпен таңдаймыз.

Балалық шақ

  • «Бала тілегі»
  • «Қошақаным»

Болашағым — байлығым

  • «Жаса, Қазақстан»
  • «Алға, Қазақстан»

Күйлер

  • «Ерке сылқым»
  • «Көңіл толқыны»

II айналым аяқталды.

III айналым (мақал-мәтел)

Бұл айналымда берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.

  1. 1. Отан — оттан да ыстық.
  2. 2. Отан — отбасынан басталады.
  3. 3. Ер есімі — ел есінде.
  4. 4. Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе — елдің көркі.
  5. 5. Ұстаздан шәкірт озар.
  6. 6. Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  7. 7. Мақал — сөздің анасы.
  8. 8. Піскен асқа тік қасық.
  9. 9. Халық айтпайды, айтса — қате айтпайды.
  10. 10. Жеті атасын білмеген — жетесіз.
  11. 11. Күш атасын танымас.
  12. 12. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

III айналым аяқталды.

Қорытынды

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Тілек

Ән аман болса — әлем әдемі болады!

Әнді сүйген жүректеріңіз тоқтамасын!

Әдемі болайық, бар болайық, аман болайық!