Тіл ұстарту. Сабақтың тақырыбы
Сабақ тақырыбы
Сан есім
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: сан есімдерді сөйлем ішінен ажырата білу, жалғанатын қосымшаларға мән беру, түрлерін айыра білу, сұрақ қоя білуге дағдыландыру және өмірмен байланыстыру.
- Дамытушылық: сілтеме бойынша өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу; танымдық тапсырмалар арқылы ой түйіндеу; практикалық жұмыста білімнің өмірлік қажеттілігін түсіндіру.
- Тәрбиелік: көркем әрі сауатты жазуға үйрету, әсемдікке баулу.
Көрнекілік және ресурстар
Көрнекілігі
Тірек сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі
Тіл ұстарту.
Әдіс-тәсілдер
- Талдау, салыстыру
- Жұптық және топтық жұмыстар
- Шағын зерттеу, дебат
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа даярлық. Сыныптың зейінін сабақ мақсатына шоғырландыру.
Дебат
Мұғалім сұрағы: «Қазақ тілін тереңірек білу қажет пе?»
1-топ — Даттау
«Қазақ тілін онсыз да білеміз, өйткені ол — ана тіліміз. Дегенмен қазіргі уақытта орыс және ағылшын тілдерін көбірек меңгеру қажет. Себебі оқу бітіріп қалаға барсақ — орыс тілі, шетелге шықсақ — ағылшын тілі аса қажет. Сондықтан біз орыс пен ағылшын тілін тереңірек білудің маңызы жоғары деп есептейміз.»
2-топ — Жақтау
«Ең алдымен өз тілімізді құрметтеуіміз керек. Мектепте, сыныпта кейбір оқушылар орыс тілін араластырып сөйлейді — ондайда ескерту айту орынды. Елбасымыз үш тұғырлы тілді меңгеруді айтқанымен, әуелі ана тілімізді толық игеріп, содан кейін өзге тілдерді үйренуге болады.»
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар алдын ала дайындап келген тест жұмыстарын ұсынады.
Тірек сызба арқылы өткен сабақ еске түсіріледі.
Жаңа сабақ
Не білу керек?
Сан есімді тереңірек түсіну, сөйлем ішінен табу, дұрыс сұрақ қоя білу және сөйлеммен байланыстыра қолдану.
Не істей білу керек?
Сан есімнің сөйлемдегі қолданысын түсіну: оның тұрлаусыз мүше ретінде өзге сөйлем мүшелерімен байланысын және атқаратын қызметін анықтау.
Әр оқушыға жадынама мен тапсырмалар үлестіріледі. Оқушы жадынама бойынша уақытты үнемдей отырып, әр тапсырманы мүмкіндігіне қарай орындайды.
Деңгейлік тапсырмалар
Тапсырмалар бірізділікпен берілген: жеке жұмыс, жұптық талдау, қорытынды жасау және өзін-өзі бағалау.
1-деңгей — жеке жұмыс
- а) Оқулықтағы 34-жаттығуды түсініп оқы. Сан есімдерді тауып, астын сыз. Сұрақ қой. Ой түйінде.
-
ә) Ережені еске түсір:
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді _________ дейміз.
Сан есімдерге _________? ________? _________? деген сұрақтар қойылады.
Сан есімдер сөйлемде _________ мүшелер қызметін атқарады.
Сан есімдер _____ түрге бөлінеді.
Сан есімдерге мынадай _________ жұрнақтар жалғанады.
2-деңгей — жеке жұмыс
- а) Алдыңдағы сілтемені оқы.
- ә) Осы ережені толықтыр.
- б) Тапсырмаларды орындау арқылы мұқият қарап шық: тізбектелген әрекеттер сызбасы бойынша ой түйінде.
- в) Тізбектелген әрекеттер сызбасына тұжырым жаса.
3-деңгей — жеке жұмыс
А) Байланысты орнат: нәтиженің астына сәйкес әріптерді жазып, қазақ ғарышкерінің тегін тап.
480 240 60 50 932 50 416 900
4-деңгей — жеке жұмыс
а) Санға байланысты мақал-мәтелдерді толықтыр
- Досыңды үш күн сынама, үш ... сына.
- Ат баспаймын деген жерді ... басады.
- Отыз тістен шыққан сөз, ... рулы елге тарайды.
- Дос егіз болса, дұшпан ... болады.
ә) Жұмбақ
Екі қарауыл, екі тыңшы, бір жыршы.
б) Сандарға қатысты 5 сөз жаз
Т ө р О н т Қ б о С е ғ А г ы Н і з
в) Кім тапқыр?
Ноқаттың орнына тиісті сан есімдерді жаз.
- а) Жаздың (бір) күні, қыстың (жүз) күнін асырайды.
- ә) (жеті) жұрттың тілін біл, (жеті) түрлі білім біл.
- б) (алтау) ала болса, ауыздағы кетеді, (төртеу) түгел болса, төбедегі келеді.
5-деңгей — жұппен жұмыс
- а) Берілген жұмбақ есепті оқып, талдаңдар.
-
ә) Жоспар жаса, мазмұнын түсін:
Қазіргі кезде ғарышты игеру қарқынды дамып келеді. Жердің серігі — Ай. Ай бетінде 12 адам болды, бұл ғарышта болған адамдар санынан 30 есе кем. Ғарышта неше адам болды?
-
б) Шешімін ұсынып, дәлелдеп талдаңдар.
Жауап:
6-деңгей — жеке жұмыс
а) Анықтамалыққа сүйеніп, есептеп дәлелде
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы 1994 жылғы 1 маусымнан 4 қарашаға дейін ғарышта болды. Маусым — 30 тәулік, шілде — 31 тәулік, тамыз — 31 тәулік, қыркүйек — 30 тәулік екені белгілі. Ол барлығы неше тәулік ғарышта болды?
Есептеу:
ә) Пікір білдір
Ғарышқа ұшудың қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Жауабыңды дәлелде.
Өз біліміңді бағалау
Схемалық бағалау: 5, 4, 3, 2.
5
Өте жақсы
4
Жақсы
3
Қанағаттанарлық
2
Түзету қажет
Қорытынды
Сабақ барысында сан есімнің мағынасы мен қызметі пысықталып, деңгейлік тапсырмалар арқылы қолдану дағдылары бекітіледі. Дебат пен есептер оқушылардың тілдік сауаттылығы мен логикалық ойлауын қатар дамытады.