Бүгінгі оқу қызметіне барлығыңыз өте жақсы қатыстыңдар

Қатынас Шығармашылық Таным

1 наурыз – Алғыс айту күні

Ұйымдастырылған оқу қызметі

  • Орыс тілі
  • Жапсыру
  • Жас зерттеуші

Қажетті құралдар мен технология

  • Көрнекіліктер: ноутбук
  • Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыс
  • Жұмыс орталықтары: көркем әдебиет, өнер, ғылым, аспаздық

Мақсат, міндеттер

Мақсаты

Көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту; көктем мезгіліндегі өзгерістерді сезіне білуге баулу; балалардың сыйластық құндылығы туралы ұғымын тереңдету; ризашылық пен алғыс туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дағдыларын дамыту; сыпайы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Джумагазиева Жадырасын

Сабақтың басталуы: амандасу және «Шаттық шеңбері»

Тәрбиеші

Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Кәне, амандасайық.

Балалар

Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші

Осы көтеріңкі көңіл-күймен «Шаттық шеңберін» құрайық.

Шаттық шеңбері

Қонақ күту салтымыз,

Оқып-біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік бәріне.

Жалқаулықты тастайық,

Сабақты біз бастайық.

Білім жолымен жүрейік,

Қиындықтан қашпайық.

Бүгінгі күннің мәні

Бүгінгі оқу қызметі ерекше. Бүгін — көктемнің алғашқы күні. Сонымен қатар, 1 наурыз — Алғыс айту күні. Бұл күні біз жанымызда болған, қолдау көрсеткен, жақсылық жасаған адамдарға алғыс айтуымыз керек.

Бүгінгі ашық оқу қызметі «Анаға алғыс» тақырыбында өтеді: ақ жаулықты әжелерімізге, аяулы аналарымызға, сүйікті апа-қарындастарымызға құрмет көрсетуге арналмақ.

Ғажайып сәт

Электронды видео хат.

Белсенділік орталықтары

Тапсырмаларды орындау үшін 4 орталыққа бөлінеміз. Әркім өзіне ұнайтын орталықты таңдап, орнына жайғасады.

Ғылым

Зерттеу, бақылау, тәжірибе.

Өнер

Шығармашылық жұмыс.

Аспаздық

Тақырыпқа сай қарапайым әрекеттер.

Көркем әдебиет

Сөздік қор мен ойлауын дамыту.

Ғылым орталығы: көктем, гүл және тәжірибе

Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінде неше ай бар?
  • Олардың атаулары қандай?

Жұмбақ

Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады.

Жауабы: гүл

Бөлме өсімдіктері туралы қысқаша түсінік

Өсімдіктер дала және бөлме өсімдіктері болып бөлінеді. Өсімдік — табиғаттың көркі, өмірдің сәні, кейде емдік қасиеті бар құндылық.

Бөлме гүлдері үйді әсемдеп қана қоймай, ауаны тазартып, көңіл-күйді көтереді. Өсімдіктер күн мен жарықты жақсы көреді, сондықтан оларды көбіне терезе маңына орналастырамыз.

Құрылымы

Бөлме гүлдерінің де тамыры, сабағы, жапырағы және гүлі болады.

Мысалы, раушан — қызыл түсті, хош иісті гүл. Ол бөлмеге ерекше көрік береді және адамның көңіл күйіне жағымды әсер етеді.

Гүлді тек бөлмеде емес, аулада, демалыс орындарында және адам көп жиналатын жерлерде де өсіру пайдалы.

Практикалық әрекет: гүлді ыдысқа отырғызу

  1. 1

    Алдымен гүл отырғызатын ыдыс дайындаймыз.

  2. 2

    Ыдыстың түбіне ұсақ тастар саламыз (түбі тесікті болады).

  3. 3

    Үстіне арнайы құнарлы топырақ саламыз.

  4. 4

    Топырақтың ортасынан кішкентай құдықша жасап, тамырланған өсіндіні отырғызамыз.

  5. 5

    Отырғызылған гүлді табиғат бұрышына орналастырамыз.

Күтім ережелері

  • Гүлді суарып, жапырағын сүртіп, су бүркіп, топырағын қопсытып отыру керек.
  • Жазда көбірек, қыста сиректеу суарылады.
  • Жылына кемінде бір рет топырағы мен ыдысын ауыстырған дұрыс.
  • Бөлме температурасындағы сумен суарыңыз: тым суық су гүлді ауыртып, солдырып жіберуі мүмкін.
  • Суды бір күн бұрын ыдысқа құйып қойса, ол тұнып, гүлге жайлы болады.

Кері байланыс

Тәрбиеші

Балалар, тәжірибе жасау ұнады ма?

Балалар

Иә, ұнады.

Тәрбиеші

Гүлмен не істедік?

Балалар

Гүлді отырғыздық.

Тәрбиеші

Гүл не істей алады?

Балалар

Гүлдейді, желмен тербеледі, су ішеді, қурайды, жұпар иіс шығарады.

Орталықтардағы жұмыс аяқталған соң, балалар текшелерін өз орындарына қойып, шеңберге жиналады.

Қорытынды: алғыс пен ризашылықтың құндылығы

Қорытынды сұрақтар

Тәрбиеші әр орталықтан сұрақ қойып, сабақтың негізгі ойларын бекітеді:

  • Ризашылық дегеніміз не?
  • Алғыс сөзін қалай түсінесіңдер?
  • Адам ризашылығын қандай сөздермен білдіреді?
  • Саған кім, қандай жағдайда алғыс айтты?
  • Өзің қандай жағдайда алғыс айтып көрдің?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Негізгі ой

Балалар, жылы сөзді, қайырымды істі, жақсы ойды, кіршіксіз сезімді ешқашан аямаңдар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.

Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасауға ынталанады. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді үйреніңдер.

Табиғатқа және жақындарға алғыс

Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен аппақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін; жақын адамдардың қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Ендеше, бүгінгі оқу қызметінің тамаша өткеніне қуанып, бір-бірімізге алғыс айтайық.

Сабақты аяқтау

Оқу қызметі аяқталды. Қонақтарымызға қоштасып айтамыз:

Балалар

Сау болыңыз!

Ғажайып сәт

Электронды видео хат.