Қазақстанда жауын - шашынның таралуы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Өтетін орны
- Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені, №215 орта мектеп
- Пән
- География
- Мұғалім
- Нұрымбаева Ақмарал
- Сабақ тақырыбы
- Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы
Мақсаттары
Оқыту мақсаты
Оқушылардың жауын-шашынның таралуы туралы білімін толықтыру.
Дамытушылық
Өздігінен іздену дағдысын дамыту: интернет және ғылыми-танымдық журнал материалдарын тиімді пайдалану.
Тәрбиелік
Жауын-шашынның табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын түсіндіру, мақал-мәтелдер арқылы ойды тұжырымдау.
Сабақ түрі және әдістері
- Түрі: аралас сабақ
- Әдістері: сұхбат, әңгіме
Көрнекіліктер
- Қазақстанның физикалық картасы
- Атлас
- Контур карталар
Сабақтың құрылымы
- I. Ұйымдастыру — оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
- II. Өткен сабақты сұрау — бағалау, пысықтау.
- III. Жаңа сабақты меңгерту — негізгі ұғымдар мен карта арқылы талдау.
- IV. Қорытындылау — негізгі тұжырымдарды жинақтау.
- V. Үй тапсырмасы — жауын-шашын картасынан көп және аз түсетін аймақтарды анықтау, картаға түсіру.
Жаңа тақырыптың жоспары
1) Жауын-шашынның түрлері
Атмосферадан жер бетіне сұйық немесе қатты күйде түсетін суды жауын-шашын деп атаймыз.
2) Қазақстанда жауын-шашынның таралуы
Жауын-шашынның мөлшері мен түрі табиғат зоналарына және жер бедеріне байланысты әркелкі өзгереді.
Жауын-шашынның негізгі түрлері
Жаңбыр
- Қабатты және будақ жаңбырлы бұлттардан жауады.
- Тамшы диаметрі көбіне 0,5–0,7 мм шамасында болады.
- Түрлері: жай жаңбыр, нөсер жаңбыр.
Қар
- Ақ ұлпа түрінде түсетін, жеңіл жауын-шашын.
- Табиғи және жасанды қар ұғымдары қолданылады.
Бұршақ
- Көбіне жылы мезгілдерде жауады.
- Негізінен будақ бұлттармен байланысты құбылыс.
- Жылына орта есеппен 1–3 рет, таулы аймақтарда 5–6 рет байқалуы мүмкін.
Қырау
Қырау — ауа теріс температураға дейін радиациялық суынғанда, су буының сублимациялануы нәтижесінде топырақтың, шөптің, қар жамылғысының және заттардың бетінде түзілетін мұз кристалдарының жұқа қабаты.
Қазақстандағы атмосфералық құбылыстардың таралуы
Найзағай
Найзағай құбылысының таралуы жылдың жылы маусымындағы жауын-шашынның географиялық таралуымен тығыз байланысты. Қазақстанның солтүстігінде найзағай оңтүстікке қарағанда жиірек байқалады. Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларында көктем мен күз айларында бірнеше рет қайталануы мүмкін. Ал Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш маңында сирек кездеседі. Шөл және шөлейт зоналарда найзағай көбіне көктем мезгілінде ғана байқалады.
Тұман
Тұман Іле Алатауы мен Мұғалжар өңірінде жиірек байқалады: кей аудандарда жылына 70–100 күнге дейін тұман түсуі мүмкін. Тұманды күндер, негізінен, салқын маусымда көбейеді.
Көктайғақ
Оңтүстік аймақтарда (Сырдария, Жайық–Жем алаптарында) көк мұздың қалыңдығы 10–15 мм-ге жетуі мүмкін. Ұлытау мен Қаратау баурайында 20 мм-ге дейін қалыңдап, мал шаруашылығына қолайсыз жағдай тудырады.
Боран
Боран жиі болатын өңірлер — елдің солтүстік бөлігі. Кей жылдары боранды күндер саны 30–50 күнге дейін жетеді.
Қысқаша анықтамалар
Жел
Жел — атмосфералық қысымның біркелкі таралмауынан туындайтын, жоғары қысым аймағынан төмен қысымға қарай бағытталған ауа қозғалысы.
Мұз
Мұз — судың қатты күйі. Табиғатта жер үсті мен әртүрлі тереңдікте түзіліп, жер асты мұзы және мұздық мұзы сияқты түрлерге бөлінеді.
Бекіту сұрақтары
- 1 «Батамен ел көгереді, …………» (мақалды толықтырыңдар).
- 2 «………… сұрауы бар» (мақалды толықтырыңдар).
- 3 Бұл таулы өлке — Қазақстандағы қар ең көп түсетін аймақтардың бірі. Қытай тілінен аударғанда «Алтын» деген мағынаны білдіреді. Бұл қай тау?
- 4 Дүниежүзінде жаңбыр ең көп жауатын орын үшбұрыш пішіндес түбекте орналасқан. Бұл қай түбек және қай өңір?
- 5 «Тұманды ел» деп аталатын мемлекет қайсы?
- 6 Жауын-шашын ең аз жауатын мемлекет астанасын атаңдар.
- 7 Үнемі судың бұл көрінісі қатты күйде болады. Ол не?
- 8 Су «жанады», энергия бөледі — бұл қандай құбылысқа немесе түрге қатысты айтылуы мүмкін?
- 9 Судың булы көрінісі қалай аталады?
- 10 Қай климаттық белдеуде жауын-шашын ең мол түседі?
Үй тапсырмасы
§24. Жауын-шашын картасын пайдаланып, жауын-шашын көп түсетін және аз түсетін аймақтарды табыңдар. Анықтаған аймақтарды контур картаға түсіріңдер.
Нақтылау
- Картадан жауын-шашын изосызықтарын (изогиеталарды) байқаңдар.
- Таулы және жазық өңірлердің айырмашылығын қысқаша түсіндіріп жазыңдар.