Екі ыдысқа қасық салып көрсет

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып
2-сынып
Тақырып
Су. Судың қасиеттері
Түрі
Ашық сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілік
Су және сүт

Сабақтың мақсаты

  • Су және судың қасиеттерімен таныстыру.
  • Судың үш күйде болатынын (су, бу, мұз) түсіндіру.
  • Ой-өрісін дамыту.
  • Суды үнемдеп пайдалануға, ұқыптылыққа, суды таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлем саған, алтын күз!

Көгілдір көк аспан,

Бармысың, құстарым,

Қанатты достарым?

Бас ием тауларға,

Жамылған қарларға.

Армысыздар, қонақтар!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
  • Ауаның қасиеттерін атау.
  • Доп арқылы ауаның серпімділігі мен сығылуын дәлелдеу.
  • Неге қыста терезелерді бекіту керек? Орман жануарлары қыста неге тоңбайды?
  • Ауаның өртті қолдайтынына мысал келтіру.
  • Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Дәлелдеу.

Өтпелі кезең

Мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту үшін жұмбақ жасырады.

III. Жаңа сабақ

Жұмбақ

Жылт-жылт еткен,

Жылғалардан өткен.

Жауабы: Су

Әңгімелеу сұрақтары

  • Су туралы біз не білеміз?
  • Су бізге не үшін қажет?
  • Суды қайда және қалай пайдаланамыз?

Судың қолданылуы

  • Ішу
  • Кір жуу
  • Гүл суару
  • Өсімдіктерді суару
  • Тамақ пісіру

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

Бүгін біз су және судың қасиеттерімен танысамыз, сондай-ақ судың үш күйде болатынын анықтаймыз.

IV. Оқулықпен жұмыс

Мәтін оқылады, мазмұны талданады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді және судың қасиеттері туралы қорытынды жасайды.

Талқылау сұрақтары

  • Асан судың қандай қасиетін анықтады?
  • Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?
  • Адам мен судың байланысы туралы әңгімеле.

Оқушылар Асанның судың мөлдір және түссіз екенін байқағанын айтады. Енді тәжірибелер арқылы судың басқа да қасиеттерін анықтаймыз.

V. Сергіту сәті

Қоюланып тағы бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақтар жамылып,

Бұға қалды көбелек.

VI. Тәжірибе жасау

1-тәжірибе: Су мен сүтті салыстыру

  1. Бір шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй.
  2. Екеуін салыстыр.

Мақсаты: сұйықтардың түсі мен мөлдірлігін ажырату.

2-тәжірибе: Мөлдірлігін және иісін анықтау

  1. Екі ыдысқа қасық салып көрсет.
  2. Қайсысындағы қасық анық көрінеді? Неге?
  3. Суды иіскеп көр. Қандай иіс байқалады?

Қорытынды

Су түссіз, мөлдір, иіссіз.

Судың үш күйі

Су табиғатта үш күйде кездеседі: сұйық су, бу, мұз.

VII. Бекіту

Бүгінгі сабақта су және судың қасиеттері туралы көп мағлұмат алдық. Енді суды қалай үнемдеу керектігін және судың ластануын қалай болдырмауға болатынын тексерейік.

  • Суды үнемдеп пайдалану үшін не істеуге болады?
  • Берілген суреттердегі жағдайлардың қайсысы судың ластануына қатысты?
  • Суды қалай қорғаймыз?

VIII. Қорытындылау

  • Судың түсі қандай?
  • Оның пішіні бар ма?
  • Су не үшін керек?
  • Судың қандай қасиеттері бар?

IX. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауаптары және тәжірибелерді орындауы бойынша бағаланады.

X. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұндап айту.