Жарық толқындары (слайд)Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты
Ұлттық ойындарды пайдалану арқылы «Жарық толқындары» тарауы бойынша білім алушылардың алған білімін тексеру, белсенділігін арттыру, пәнге қызығушылығын және оқуға ынтасын күшейту.
Білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту, білім көкжиегін кеңейту, тапқырлыққа баулу және зейінін жан-жақты арттыру.
Негізгі тәсіл
Ойын элементтері арқылы қайталау және білімді бекіту
І бөлім: «Аламан бәйге»
Жалпы сұрақтар
Жарықтың шағылу заңы дегеніміз не?
Жауабы
Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады, ал түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады.
Жарықтың сыну заңы дегеніміз не?
Жауабы
Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы тұрақты шама болып табылады; ол екі ортаның салыстырмалы сыну көрсеткішіне тең.
Интерферометрлер деп нені айтамыз?
Жауабы
Интерференция құбылысын пайдаланып өлшеулер жүргізуге арналған құралдар интерферометрлер деп аталады.
Когерентті толқындар дегеніміз не?
Жауабы
Кеңістікте интерференциялық сурет алу үшін қабаттасатын толқындардың жиіліктері бірдей, ал тербеліс фазалары тұрақты (бірдей) болатын толқындар когерентті толқындар деп аталады.
Кілт ұғымдар
- шағылу
- сыну
- интерференция
- когеренттілік