Сөйлемнен етістікті тап
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Дара және күрделі етістік (қайталау).
Сабақтың типі мен түрі
- Типі: түсіндірмелі-иллюстративті.
- Түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру
- Түсіндірмелі әдіс
- Көрнекілік әдісі
- Талдау
Көрнекілігі
Сызбалар, тірек-сызба, кесте.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Етістік туралы алған білімдерін толықтыру; дара және күрделі етістік туралы түсініктерін тиянақтап, бекіту. Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық және практикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін дамыту.
Дамытушылық
Ой-өрісін, есте сақтауын және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік
Кішіпейілділікке, ұстамдылыққа, сауатты әрі көркем жазуға және мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар
Дара етістік — бір сөзден тұрады. Күрделі етістік — екі немесе одан да көп сөзден құралады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа қызығушылықты ояту.
- Психологиялық дайындық және назарды сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту: сөзжұмбақ
Н Е Т А У Ы Қ І Р І М Ш І К С А Ғ А Т Т А М А Қ І Н К Ө К Т Е М
Сұрақ: «Қандай сөз шықты?» Жауаптан кейін бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабақты жақсы көңіл күймен бастаймыз.
II. Үй жұмысын тексеру
- 457-жаттығу.
- Ребусты шешу.
Ой қозғау: сөз таптары
Сұрақ: «Біз қайсысын өттік?» Жауап: зат есім, етістік.
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Суретке қарап сөйлем құраңдар. Сөйлемнен етістікті табыңдар.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды соғамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Алақанды соғамыз,
Орнымызды табамыз.
«Кім жылдам?» ойыны
Кестені толтырыңдар: дара және күрделі етістіктерді ажыратыңдар.
Дара және күрделі етістік кестесі
| Дара етістік | Күрделі етістік |
|---|---|
| ойнады, жүгірді, жауды (т.б.) | оқып отыр, жүгіріп жүр (т.б.) |
Шығармашылық тапсырма
Берілген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.
A)
Анам, келді, жұмыстан.
Ә)
Наурыз, тойлады, мейрамын.
Б)
Ажар, барды, қалаға.
Қорытынды
Венн диаграммасы
- Дара етістік
- Күрделі етістік
Нақтылау сұрақтары
- Етістіктің құрамына қарай қандай түрлері болады?
- Дара етістік неше сөзден тұрады?
- Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және жауаптарының дәлдігіне қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Ережелерді жаттау.