Мақта қыз тапсырмасы

Сабақтың тақырыбы

Жазбаша қосу және азайту: 27 + 36, 63 − 27

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орындау үлгісін көрсету.
  • Алгоритм кезеңдерін (орындалатын іс-әрекеттерді) нақты меңгерту және машықтандыру.
  • Екі амалмен шығарылатын есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

  • Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, топпен және жұппен жұмыс арқылы білім сапасын арттыру.
  • Электрондық оқулықпен жұмыс дағдыларын дамыту.
  • Тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін және қызығушылығын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік

  • Халықтық педагогика негізінде сүйіспеншілікке баулу.
  • Ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
  • Адамгершілік құндылықтарды нығайту.

Сабақтың әдісі

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен ұйымдастырылған саяхат-сабақ.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі және психологиялық дайындық

Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз.
Білім алып,
Тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.

Мұғалім: Балалар, бұл суреттер қай ертегіден?

Оқушылар: «Мақта қыз бен мысық».

Бүгін ерекше сабақ өтеді: ертегі бойынша саяхатқа шығып, мысыққа көмектесуіміз керек.

2) Мақта қыз тапсырмасы

Мақта қыз: «Мысыққа қатығымды төле» дейді. Олай болса, мысыққа берілген тапсырмаларды бірге орындайық.

Тірек білімді еске түсіру: ауызша есептеу

«Көкөніс жина» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Оқушылар дәптерге тек жауаптарын ғана жазады. Одан кейін санның құрамы бойынша жұмыс жалғасады.

Сан құрамы (мысалдар)

  • 25 = 10 + 15
  • 65 = 50 + 15
  • 70 = 60 + 10
  • 37 = 20 + 17

Талқылау

Қай мысал қиындық туғызды? 56 − 19

3) Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс

Мысық сиырға келеді. Сиыр да мысыққа тапсырма береді.

Сиыр тапсырмасы (1-слайд): жазбаша қосу

Мұғалім қосу алгоритмін түсіндіреді. Оқушылар қосындылардың мәнін және оны табу тәсілін талдайды.

Қорытынды: қосындының мәні ондықтарды ондықтарға, бірліктерді бірліктерге қосу арқылы табылады.

Мысал: 27 + 36 = (20 + 30) + (7 + 6) = 63

Ағаш тапсырмасы (2-тапсырма): өрнектердің байланысы

Өрнектердің өзара байланысы қарастырылады. Сұрақ: «Бұл есептерді өзара кері есеп деуге бола ма?»

Мысал: 63 − 27 = (50 − 20) + (13 − 7) = 36

Қорытынды: азайтуды санның құрамына бөліп орындау кей жағдайда тиімді.

Қыздар тапсырмасы (4-тапсырма): талдап түсіндіру

Тақтада мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Оқушылар түсіндіруде санның құрамы туралы білімге және қосу-азайтудың алгоритмдеріне сүйенеді.

Қосу

27 + 36 = (20 + 30) + (7 + 6) = 63

Қосу

73 + 17 = (70 + 10) + (3 + 7) = 90

Азайту

84 − 25 = (70 − 20) + (14 − 5) = 59

Сергіту сәті

1, 2, 3 – қарлығаш боп ұш!
4, 5, 6 – қарлығаш боп қалқы!
7, 8, 9, 10 – қарлығаш боп қон!

4) Сатушы тапсырмасы (5-тапсырма): есептермен жұмыс

Бірінші есеп ұжымдық талқылау арқылы шығарылады. Екі кері есепті оқушылар өз бетінше дәптерге жазады.

Есептің берілімі (нұсқа 1)

  • Ұл бала: 5
  • Қыз бала: ? (2-уі кем)

Есептің берілімі (нұсқа 2)

  • Қыз бала: 3
  • Барлығы: 21 адам
  • Немерелер: 13
  • Немерелер: ?

5) Тауық тапсырмасы: рефлексия (6-тапсырма)

Түсіндіре отырып, математикалық диктант түрінде орындалады:

Ең кіші ондық — 10. Ендеше: 10 + 20 = 30

6) Тышқан тапсырмасы: шығармашылық жұмыс

«Кім балапанға тез көмектеседі?» ойыны. Мысық барлық тапсырманы орындады. Енді сұрақ: мысық осы тапсырмаларды орындау барысында қанша қадам жасады?

Бекіту

Мысық Мақта қызға қатығын әкеліп берді, ал Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарды. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет. Әрдайым тату дос болайық.

Бағалау

Мысықпен бірге тапсырмаларды дұрыс әрі мұқият орындаған оқушыларға Мақта қыз жетон арқылы бағасын береді.

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы сабақ соңында мұғалімнің нұсқаулығына сәйкес беріледі (оқулықтағы тиісті тапсырмалар).