Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру

Сабақтың тақырыбы: «Жылу»

Пән

Әдебиеттік оқу (2-сынып)

Сабақтың өзегі

Фариза Оңғарсынованың «Жылу» өлеңі арқылы ананың мейірімі мен қамқорлығын тану.

Оқу мақсаты

  • Өлеңнің мазмұнын түсіндіру және негізгі ойды ашу.
  • Оқушылардың анасына деген сүйіспеншілігін өз сөздерімен жеткізе білуіне үйрету.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар

Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Өлеңдегі негізгі идеяны анықтай алады.

Кейбір оқушылар

Өлең бойынша сұрақтар құрастырып, мазмұнын терең түсіндіре алады.

Алдыңғы оқу

«Ата-ананы құрметтеу» тақырыбы бойынша оқушылардың түсінігін сұрау, қысқаша мазмұнын айтқызу.

Даналық сөздер

Құт-береке — атаң қымбат.

Аймалайтын — анаң қымбат.

Мейірімді — апаң қымбат.

Асқар тауың — әкең қымбат.

Тапсырма: нақыл сөздердің авторын (мүмкіндігінше) анықтап, мағынасын жұппен талқылап айту.

Сабақтың барысы

Басталуы

Психологиялық тренинг: «Жылулық сыйлайық»

Оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.

Өткенді еске түсіру

Қайқаустың ата-ананы құрметтеу туралы үзіндісі бойынша тізбектей мазмұндау.

Әрдайым ата-анаңды құрметтесең, олардың ізгі тілегі қабыл болады.

Бейнематериал/ән тыңдау

  • Тыңдаған ән кім туралы?
  • Ана жылуын, қамқорлығын қалай сеземіз?
  • Аналар бізге нені береді?

Топқа бөлу

Сабақ тапсырмалары бойынша оқушылар топтарға бөлінеді.

Ортасы

Автор туралы

Фариза Оңғарсынова — Атырау облысы, Манаш ауылында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген көрнекті ақын, жазушы.

Талқылау: Оңғарсынованың қандай өлеңдерін білесіңдер? (мысалы, «Білім керек бәріне».)

Негізгі мәтін

Бүгін біз Фариза Оңғарсынованың «Жылу» өлеңімен танысамыз.

  • Өлеңді мәнерлеп оқу (жалғастыра оқу, түртіп алып оқу).
  • Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
  • Ана мейірімі туралы не айтасың?
  • Ананың сүті туралы ойың қандай?
  • Ананың алақаны қандай деп сипаттар едің?

Дәптермен жұмыс: сөздік

Өң

бет, ажар, түс

Жалғанда

дүниеде

Ғұмыр

өмір

Сергіту сәті

қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары

Топтық жұмыс: «Ізден, ойла, қорға»

I топ

«Ана деген кім? Ол қандай адам?» — күннің сәулелерін толтыру арқылы сипаттау.

II топ

Кестемен жұмыс: сұрақ қою және сөз тіркестерін құрастыру.

Сұрақ Берілген сөз
Қандай? анам
Кімнің? құшағы
Қандай? жанары
Кімнің? сүті
Ненің? нұры

Тапсырма: берілген сөз тіркестерін қолданып, қысқаша әңгіме құрастыру.

III топ

«Өлең ұйқастыру» стратегиясы бойынша 4 жол өлең құрастыру.

____________ сыйлаймын,
____________ тыңдаймын.
____________ аламын,
____________ баламын.

IV топ

Венн диаграммасы: Күн мен ананы салыстыру (ұқсастықтары мен айырмашылықтары).

V топ

«Менің анам» тақырыбына ой толғау (қысқаша эссе немесе ауызша баяндау).