Көктем айлары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мекеме
Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Пән
Әдебиеттік оқу, 3-сынып
Мұғалім
Караулова Гүлбарам Нұрсұлтановна (бастауыш сынып мұғалімі)
Тақырып
Қош келдің, Наурыз!
Мақсат-міндеттер
Білімділік мақсаты
Оқушыларды Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармаларымен тереңірек таныстыру; мәтінге сүйене отырып әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мазмұнын ашу.
Дамытушылық мақсаты
Ойлау, суреттеу, елестету және шығармашылық қабілеттерін дамыту; көркем сөз қолдану шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты
Наурыз мейрамы туралы баяндап, суреттеп, әңгімелей білуге тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.
Көрнекілік
Интерактивті тақта, слайд
Сабақ типі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, оқу, әңгімелеу, топтық жұмыс, СТО әдістері
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жүргізу.
Психологиялық дайындық мәтіні
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз, Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Топқа бөлу
-
Бәйшешек тобы
Ерте көктемнің нышаны
-
Жауқазын тобы
Жаңарудың белгісі
-
Қызғалдақ тобы
Көктемнің көркі
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы «Сұрақты тосып ал» тәсілі арқылы қорытындыланады: мұғалім дән салынған қапшықты оқушыға лақтырады, қапшықты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді. Қапшық кезекпен әр топқа беріледі.
Қайталау сұрақтары
- Көктем айларын ата.
- Көктемде ағашта қандай өзгерістер болады?
- Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін жатқа айт.
- Өлеңде ақын бұлақты, өзенді, көктемгі жаңбырды қалай сипаттайды?
- Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін жатқа айт.
- Көктем саған несімен ұнайды?
- Көктемде ерте гүлдейтін өсімдікті ата.
- Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
3) Тақырыпты ашу
Бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар сурет пен көріністер бойынша өз ойларын айтып, жаңа тақырыпты анықтайды.
4) Жаңа сабақ
Кіріспе: Міржақып Дулатов туралы
Міржақып Дулатов (1885–1935) — қазақтың көрнекті ақыны әрі қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сарықопа ауылында дүниеге келген. «Оян, қазақ!» кітабы арқылы елін еркіндікке, ғылым мен білімге шақырып, жастарды отанды сүюге үндеген.
Жеке жұмыс
Мәтінді іштей оқу.
Жұптық жұмыс
«Көршіңе әңгімелеп бер»: тақырып бойынша білетін мәліметін көршісіне айту.
Топтық жұмыс
Мәтін бойынша постер әзірлеу.
Постер тақырыптары
-
Бәйшешек тобы
Наурыз мейрамына сипаттама.
-
Жауқазын тобы
«Еркін еңбек — баршаны жеңбек» тақырыбын ашу.
-
Қызғалдақ тобы
Наурыздың бүгіні мен ертеңі.
Бағалау
Әр топ өз постерін қорғайды. Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Дәптермен жұмыс
Негізгі ойды жазу, тапсырмаларды орындау.
Сөздік жұмысы
- Байлаулы
- Байланысты.
- Деуге сыяды
- Деуге болады.
- Тіршіліктің арқауы
- Тіршіліктің негізі.
- Шаруа кенеледі
- Мал тойынады, береке артады.
5) Сабақты бекіту
Бекіту жұмысы тақырыптық түйінді сөздер арқылы жүргізіледі. Оқушылар сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын жүйелейді және негізгі ойды тұжырымдайды.
Түйінді сөздер
6) Рефлексия
Оқушылар жұмыс картасын толтырады. 2–3 оқушы өз жұмыс картасындағы жауаптарын дауыстап оқиды.
7) Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Сабақ бойындағы жұмыс нәтижесі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Наурыз — ұлттық мейрам» тақырыбына шығарма жазу.
Материалдар
- Толық нұсқасын жүктеу
- Слайдын жүктеу