Мақта қыз бен мысық еретігісі желісіндегі саяхат сабақ

Сабақ туралы

Бұл материал мектепалды дайындық тобына арналған тіл дамыту сабағының жоспары. Сабақтың тақырыбы — «Үй құстары».

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың үй құстары туралы білімдерін тиянақтау, құстардың түрлерімен таныстыру.
  • Дамытушылық: үй құстарының өзіне тән ерекшеліктері туралы әңгімелеу арқылы ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту; әдемі әрі таза жазуға баулу.
  • Тәрбиелік: Отанды сүюге, жануарлар мен құстарды қорғауға және қамқор болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және формат

Әдіс-тәсілдері
Саяхат сабағы, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың түрі
«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісіндегі саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс
Сауат ашу, математика.

Көрнекілігі

  • Үй құстарының суреттері.
  • «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің бейнелері.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

«Ғажайып сәлемдесу» арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастырылады.

Мұғалім

Оқушылармен бірге сәлемдесу өлеңін айтады.

Оқушылар

Мейірімді жүрекпен,

Үлкенге де — сіз.

Ақпейілді тілекпен,

Кішіге де — сіз.

Амандасып алайық,

Сәлем бердік сіздерге.

Бір жадырап қалайық,

Құрметпенен біз.

Ертегі желісі: «Мақта қыз бен мысық»

Сабақ тапсырмалары ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхат түрінде ұйымдастырылады: балалар сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар мен есептер шығарады.

1-тапсырма

Үй құстарын атаңыз. Әр сөздің неше буыннан тұратынын анықтаңыз.

Жұмбақтар мен есептер

Төмендегі тапсырмалар арқылы балалардың математикаға қызығушылығы мен логикалық ойлауы дамытылады.

Есеп 1

Көлден ұшты 20 қаз. Қайтып қонды 10 қаз. Қонбағаны нешеу?

Жауабы 10

Есеп 2

Саятта 10 кітап, Жанатта 5 кітап. 10 бен 5-ті қоссақ, неше болады?

Жауабы 15

Есеп 3

Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек тығылды. Қалғаны неше үйрек?

Жауабы 7

Жұмбақ

Кеудесі қайқаңдап, жүреді байпаңдап.

Жауабы Қаз

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы сергіп, құстардың қимылын бейнелейміз.

Құстарға біз ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.