Қазақ тіл тобы

Сабақтың міндеттері

Білімділік

  • Оқылым, жазылым, сөйлесім, айтылым әрекеттерін жүйелі қолдану арқылы тілдесімге жетелеу.
  • Тақырыпқа қатысты лексикалық бірліктерді меңгерту.
  • Жіктік жалғау, септіктер және тәуелдік жалғаулар бойынша тапсырмалар орындату.

Дамытушылық

  • Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.
  • Сөздік қорын молайту.
  • Байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Оқу құралдары мен оқулықтарды таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен тілдесу, назарларын сабаққа аудару.

Тілге құрмет (өлең жолдары)

Қазақ тілім — өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — қазақ тілім.

Тіл дамыту (сұрақ-жауап)

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз: Ту, Елтаңба, Гимн.
  2. Қазақстан Республикасының Әнұранының авторлары: Н. Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов.
  3. Әнін жазған композитор: Ш. Қалдаяқов.

Топтарға бөлу

Оқушылар үш топқа бөлінеді: Қазақ тілі, Орыс тілі, Математика.

Қазақ тілі
Орыс тілі
Математика

II. Үй тапсырмасын тексеру

Негізгі тапсырмалар

  1. Оқушы ережесін жатқа айту.
  2. «Күнделік» сөзіне сөйлем құрастырып келу.

Қолдау жұмысы (үлгерімі төмен оқушылар)

Қима қағаздар арқылы сұрақтарға жауап жазу:

  • Кітап не үшін керек?
  • Қалам не үшін керек?
  • Өшіргіш не үшін керек?
  • Сызғыш не үшін керек?
  • Оқу құралдарына нелер жатады? (мысалы: қалам, дәптер, кітап, өшіргіш, сызғыш)

III. Тақырып пен мақсатты хабарлау

Сұрақ-жауап арқылы кіріспе

  1. Бір аптада неше күн бар? Әр күннің сабақ кестесін айтыңыз.
  2. Сабақтарды меңгеру үшін бізге не қажет? Оқулықтар қажет.

Дүйсенбі

I топ — Қазақ тілі

Сейсенбі

II топ — Орыс тілі

Сәрсенбі

III топ — Математика

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1) Слайдпен жұмыс

Оқулықтар туралы слайд көрсетіледі.

2) Сөздікпен жұмыс

Алдым взял(-а)
Жыл соңында в конце года
Тапсырамын сдаю
Есеп шығару решать задачу
  • Мұғалім жаңа сөздерді оқиды, оқушылар қайталайды.
  • Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.

3) Оқулықпен жұмыс (оқылым)

1, 4, 6-тапсырмалар: оқу және аудару.

Мынау — менің оқулығым. Мен төртінші сыныпта оқимын. Бізде бүгін төрт сабақ. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, математика, ағылшын тілі. Менің оқулықтарым әдемі және таза.

4) Постер қорғау

Әр топ өз пәні бойынша постер дайындап, қорғайды:

  • I топ — Қазақ тілі сабағы
  • II топ — Орыс тілі сабағы
  • III топ — Математика сабағы

5) Дәптермен жұмыс (2-тапсырма)

Сөйлемдерді аяқтап жазыңыз.

Жіктеу үлгісі

  • Мен кітап аламын, оқимын.
  • Сен кітап аласың, оқисың.
  • Сіз кітап аласыз, оқисыз.
  • Ол кітап алады, оқиды.

Септік жалғаулары (кітап)

  • А.с. кітап
  • І.с. кітаптың
  • Б.с. кітапқа
  • Т.с. кітапты
  • Ж.с. кітапта
  • Ш.с. кітаптан
  • К.с. кітаппен

Тәуелдеу үлгісі

  • I жақ: менің оқулығым
  • II жақ: сенің оқулығың
  • Сыпайы түрі: сіздің оқулығыңыз
  • III жақ: оның оқулығы

«Сабақ» сөзін талдау

  • Екі буын: са-бақ
  • Екі дауысты дыбыс, үш дауыссыз дыбыс
  • С — дауыссыз, қатаң
  • А — дауысты, жуан
  • Б — дауыссыз, ұяң
  • А — дауысты, жуан
  • Қ — дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

V. Сабақты бекіту

1) «Адасқан сөздер»

Үш топқа бөлек тапсырма беріліп, сөздерді дұрыс ретпен құрастырады.

2) Венн диаграммасы

Оқулықтардың ұқсастығы мен ерекшелігін анықтап, салыстырады.

3) Жұптық жұмыс

Сұрақ-жауап арқылы тақырып бойынша диалог құрастырады.

VI. Қорытындылау (сұрақ-жауап)

  1. Бүгін қандай тақырып өттік?
  2. Қандай оқулықтар бар?
  3. Қазақ тілі сабағында не істейміз?
  4. Орыс тілі сабағында не істейміз?
  5. Математика сабағында не істейміз?
  6. Оқулықтарды қалай ұстау керек?

Үй жұмысы және бағалау

VII. Үй жұмысы

6-тапсырма, 210-бет: жұмбақ-өлеңді жаттау.

VIII. Бағалау

Оқушылардың қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жұптық/топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.

Автор туралы мәлімет

Өңірі: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы

Мектеп: №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп

Пәні: Қазақ тілі және әдебиеті

Мұғалім: Мықтыбекова Фатима Жексенбекқызы