Балалар тамашалағанымыз қай мезгіл

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы

«Ақбота» балабақшасы

Бейнелеу пәні мұғалімі: Дуймбаева Райхан Аманжоловна

Тобы

Ересек

Білім беру саласы

Шығармашылық

ҰОІӘ

Сурет салу

Тақырыбы

Таңғажайып көктемнің сыры

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

Мақсаты

Майшамды (балауызды) қолдана отырып сурет салу және губкамен бояу техникасын меңгерту.

Білімділік

Көктем мезгіліне тән белгілерді ажыратып, бақылау арқылы сипаттай білуге үйрету.

Дамытушылық және тәрбиелік

  • Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Табиғатты сүюге, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтар

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру Көрсету Сұрақ-жауап Қорытындылау

Қажетті құралдар

  • Ақ парақ
  • Майшам (балауыз)
  • Акварель бояуы
  • Губка
  • Сүлгі
  • Су
  • Слайд (интерактивті тақта)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Шаттық шеңбері

Көктем келді еліме, Көктем келді жеріме. Байлық, бақыт тілеймін, Бүкіл қазақ еліне!

Тәрбиешінің сөзі

  • Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Жақсы ма?
  • Сендерге сәттілік тілеймін.
  • Ендеше, жақсы көңіл-күймен орнымызға жайғасайық.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Слайдпен жұмыс

Тәрбиеші балалардың назарын интерактивті тақтаға аударады. Көктем туралы слайд көрсетіледі. Балалардан көрген мезгілді атап, көктем туралы ойларын айту сұралады.

Сұрақ-жауап

  • Балалар, тамашалағанымыз қай мезгіл?
  • Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
  • Айлардың атауын кім атап береді?
  • Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Қорытынды

Жауаптарың өте жақсы! Жарайсыңдар, балалар.

3) «Ғажайып сәт»

Есік қағылады. Есіктің алдында гүлге толы себет тұр.

  • Балалар, гүлге толы себетті тастап кетіпті.
  • Бұл себеттің иесі кім болды екен?
  • Бұл гүлдің атауын білесіңдер ме?

Бәйшешек туралы қысқаша мағлұмат

Бәйшешек — көктемде ең ерте оянатын гүлдердің бірі. Оған қыстың суығы мен қары, көктемнің ызғары да қорқынышты емес. Алдымен екі жапырағы шығып, артынан қоңырау тәрізді ақ гүлі ашылады.

Бақылауға арналған сұрақ

Күлтешесінің түсі қандай?

Бақылауға арналған сұрақ

Сабағының түсі қандай?

Себеттің ішінде тағы бір зат бар сияқты. Бұл жай хат емес екен. Ашып көрейік.

Тәрбиеші хатты ашады. Ішінен диск шығады. Дискіні қосқанда, «Сұлу Көктем» балалармен амандасып, тапсырма беретінін айтады.

Сұрақ

Балалар, Сұлу Көктемнің тапсырмасын орындауға дайынсыңдар ма?

4) 1-тапсырма

Балалар, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді атап өтеміз?

Ескерту: мәтіннің толық нұсқасы берілмеген.