Ағаштың тапсырмасы

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

Қайталау сабағы.

Сабақ түрі мен типі

  • Сабақ түрі: ертегі сабақ, ойын сабақ.
  • Сабақ типі: өткенді қайталау, саяхат сабақ.
  • Сюжеттік желі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша саяхат.

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тиянақтап қайталау, есептер арқылы білім деңгейін тексеру.

Дамытушылық

Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдана отырып, зейінін, ойлауын, байқағыштығын, есте сақтау үдерісін дамыту; қиялын ұштап, шығармашылық қабілетін шыңдау.

Тәрбиелік

Ізденуге, салыстыруға, жеке және топпен бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу; оқушы бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру.

Көрнекілігі мен әдіс-тәсілдері

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Таратпа кестелер
  • Сөзжұмбақ, тесттер
  • Дидактикалық ойындар, суреттер

Әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Жеке және топтық жұмыс
  • Өз бетімен жұмыс
  • Ойын, әңгімелеу, пәнаралық байланыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт:

Мұғалім:
Бір, екі, үш —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!

2) Үй тапсырмасын тексеру

№6 • 203-бет

Өлшем бірліктерімен есептер

  • 25 м + 30 м − 6 м 48 см
  • 60 см − 12 см
  • 43 л + 24 л
  • 89 кг − 35 кг

Ойын элементі

«Ақшақардың қолына қар қондыр» ойыны.

Сұрақтар

  • Балалар, естисіңдер ме — бір дыбыс шығып тұр?
  • Бұл әнде не туралы айтылады?

(Әйгерім Қалаубаеваның «Ертегілер» әні ақырын қосылып тұрады.)

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша өрбиді.

Ертегідегі жағдай

Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. «Келмесең келме», — деп, Мақта қыз мейізді өзі жеп қояды. Кейін мысық келіп: «Неге шақырдың?» — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонда мысық: «Ендеше қатығыңды төгем», — дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», — дейді. Мысық қатықты төгеді, ал Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Сабақтың міндеті

Мысық құйрығын қайтарып алуға көмектесу үшін тапсырмаларды орындаймыз.

Сәт сапар, достар!

Әр тапсырма — бір қадам алға.

3) Жаңа сабақ: тапсырмалар шеруі

Ертегі кейіпкерлері бізге кезек-кезек тапсырма береді. Әр тапсырма оқушылардың есептеу, салыстыру және ой қорыту дағдыларын бекітуге бағытталған.

Сиырдың тапсырмасы

№2 • «Қаншасы артық?»

(46 + 23) − (46 − 23) = 69 − 23 = 46

(45 + 35) − (27 + 32) = 80 − 59 = 21

Ағаштың тапсырмасы

№5 • Есепте
37 + 6 = 43
64 − 5 = 59
43 + 42 = 85
78 − 43 = 35
52 + 9 = 61
26 − 8 = 18
54 + 25 = 79
59 − 32 = 27
16 + 5 = 21
43 − 6 = 37
47 + 21 = 68
94 − 33 = 61

Қыздардың тапсырмасы

«Балық аулау» ойыны арқылы теңдеулерді шешу.

Нәтиже

Оқушылар теңдеулерді ойын түрінде шығарып, жауаптарын дәлелдейді.

Дүкеншінің тапсырмасы

Мәтінді есептерді шығару.

1-есеп

Қайсарда 9 ойыншық машина және 8 ойыншық сарбаз болды. Ол бірнеше ойыншығын досына бергенде, өзінде 10 ойыншық қалды. Қайсар досына неше ойыншық берді?

Қысқаша жазу

  • Болды: 9 + 8
  • Қалды: 10
  • Берді: ?

Шешуі

9 + 8 = 17

17 − 10 = 7

Жауабы: 7 ойыншық.

2-есеп

Әжемде 12 келеп ақ жүн және 8 келеп көк жүн болды. Осы екі жіптен әжем жемпір тоқығанда, 11 келеп жіп артылып қалды. Әжем жемпір тоқуға неше келеп жүн жұмсады?

Қысқаша жазу

  • Болды: 12 + 8
  • Қалды: 11
  • Тоқыды: ?

Шешуі

12 + 8 = 20

20 − 11 = 9

Жауабы: 9 келеп жүн.

Тауықтың тапсырмасы

№6 • Есепте

(48 сағ + 22 сағ) − 25 сағ = 45 сағ

100 тг − 40 тг + 25 тг = 85 тг

90 см − (85 см − 45 см) = 50 см

70 жыл − 35 жыл − 35 жыл = 0 жыл

Тышқанның тапсырмасы

Миға шабуыл

Біздің еліміздің оңтүстік аймақтарында әр кезеңде Лепсі, Шу, Шыршық каналдары қазылған. Олардың бірінің ұзындығы 39 км, екіншісінікі 70 км, үшіншісінікі 86 км. Егер Лепсі каналының ұзындығы Шу каналынан артық, бірақ Шыршық каналынан кем болса, онда әр каналдың ұзындығын тап.

Шарт

Шу < Лепсі < Шыршық

Мүмкін ұзындықтар

39 км • 70 км • 86 км

Жауабы

Шу — 39 км, Лепсі — 70 км, Шыршық — 86 км.

Қорытынды

Топтастыру

Бүгінгі сабақта қандай білімдерді қайталадық? Қандай тәсілдер тиімді болды?

Үй тапсырмасы

Мұғалімнің нұсқауы бойынша берілген жаттығуларды орындау.

Бағалау

Жауаптың дәлдігі, есеп шығару жолы және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағаланады.