Әкемнің нағашы жұрты
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Бұл зерттеу жұмысы жас ұрпақтың өз елінің, жерінің және ата-бабасының тарихын тануына бағытталады. Тарихты білу — жақсынан үйреніп, жаманынан жиреніп, ой түйіп, сабақ алу. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген нақыл осы жауапкершілікті айқындайды.
Жеті ата дәстүрінің қалыптасу себебі — дала өркениетінің өмір салты мен менталитетіне байланысты. Негізгі мәні: қан тазалығын сақтау және келешек ұрпақтың жан мен тән саулығын қорғау.
Зерттеудің мақсаты мен өзектілігі
Мақсаты
Бүгінгі жас ұрпақтың өз тарихын, ата-бабасының шежіресін танып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне ықпал ету; өткеннен өнеге алып, саналы қорытынды жасауға үйрету.
Өзектілігі
«Тәуелсіз ел боламыз десең, тілің мен тарихыңды жадыңнан шығарма; құрметтеп, қастерлей біл» деген ұстаным — жұмыстың негізгі идеялық өзегі.
Зерттеудің міндеттері
- Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, бір жүйеге түсіру және топтарға жіктей отырып зерттеу.
- «Жеті атасын білмейтін ер — жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер — жетесіз» деген ойға сүйене отырып, отбасы шежіресін зерттеу және оның тәрбиелік мәнін түсіндіру.
- «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер; жеті атасын білмеген — құлағы мен жағын жер» деген нақылдың мағынасын ашу.
Болжам
Егер біз жеті атаға қатысты тәрбие мен оны тарату жолдары туралы бұрынғылардан қалған өнегелі сөздерге мән берсек, онда ұлттық болмысымызды — тілімізді, дінімізді, тарихымызды — сақтай отырып, өзге жұрттан кем болмаймыз.
Зерттеу кезеңдері
Дайындық кезеңі
Тақырып таңдау, мақсат пен міндеттерді айқындау.
Зерттеу кезеңі
Тақырыптың зерттелу деңгейін анықтау, дереккөздер мен материалдарды жинақтау.
Практикалық кезең
Жинақталған материалдарды сұрыптау, жүйелеу және қорытындылау.
Нәтиже, қорытынды және қолдану аясы
Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы
- «Шежіре» ұғымының мағынасын ашу.
- Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін жалғастыруды насихаттау.
Қолдану аясы
Жұмысты мектептерде, әсіресе тарих пәні сабақтарында қосымша материал ретінде қолдануға болады.
Мазмұны
- 1. Кіріспе 3
-
2. Негізгі бөлім 6
- Қазақтың туыстық қатынастары
- Жеті ата ұғымының мәні
- Шежірем
- Өз жұртым
- Әкемнің нағашы жұрты
- Нағашы жұртым
- Менің отбасым
- 3. Қорытынды бөлім 18
- 4. Пайдаланылған әдебиеттер 19
- 5. Қосымша 20
Автор және жетекші
Оқушы: 5-сынып оқушысы Қанатова Айжамал
Ғылыми жетекші: Бекмуратова С. Қ., математика пәнінің мұғалімі