Ормандар мен тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары

Сабақ тақырыбы

Ормандар мен тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға орманның адам тіршілігіндегі рөлін көрсету; орман мен тоғайдың өсімдіктері мен жануарларымен, сондай-ақ адам әрекеті салдарынан туындайтын экологиялық мәселелермен таныстыру.
  • Орман түрлерін ажырата білуге үйрету және әр түрге тән ерекшеліктерді түсіндіру.

Тәрбиелік

Экологиялық ұғымдарды тереңдету арқылы туған өлке табиғатын сүюге және аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ассоциация тудыру арқылы талдауға, қорытынды жасауға, жіктеуге, пікір айтуға, ақпаратты өз бетінше жүйелеп сөйлеуге дағдыландыру; танымдық қабілеттерін дамыту.

Әдістер мен ресурстар

Әдістер

  • Ақпараттық
  • Ізденушілік
  • Зерттеушілік
  • Электрондық

Көрнекіліктер

Электрондық презентация.

Техникалық жабдықтар

  • Компьютер
  • Проектор

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Бүгін біз табиғи бірлестіктерге саяхатымызды жалғастырамыз. Осыған дейін мұхиттар мен теңіздерге бардық, ал өткен сабақта шалғындықпен таныстық. Бұл жолы саяхатқа бізбен бірге зоологтар, ботаниктер, экологтар және эксперттер шығады.

Шалғындықта көрген өсімдіктер мен жануарларды еске түсіру үшін төмендегі төрт сұраққа жауап береміз:

  1. Зоологтар: Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?
  2. Ботаниктер: Шалғында қандай өсімдіктер өседі?
  3. Экологтар: Шалғындықты қорғау үшін біз не істей аламыз?
  4. Эксперттер: Үш топтың жауабын қорытындылап, шалғындық туралы қандай қосымша ақпарат айта аласыңдар?

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында тест жұмысы орындалады.

Сызба арқылы қорытынды

Шалғын — табиғи орта; жайылым; таза ауа көзі; малға азық; жануарларға азық; «табиғи дәріхана»; баспана; әсемдік.

III. Жаңа білімді хабарлау

Бүгінгі жаңа тақырып: «Ормандар мен тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары».