Менің айтарым

Сабақтың тақырыбы

Елін сүйген, елі сүйген — Елбасы

Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ел үшін атқарған ерен еңбегін жас ұрпаққа дәріптеу; оқушыларды халқының тегін, тарихын тануға, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Буклеттер
  • Елбасы туралы слайдтар

Әдісі

  • Түсіндірмелі
  • Зерттеушілік
  • Талдау

Жоспар

  1. 1 Кіріспе
  2. 2 Негізгі бөлім
    • Бала Нұрсұлтан — дана Нұрсұлтан
    • Өмір өрнектері
    • «Менің айтарым…»
  3. 3 Қорытынды

Сабақтың барысы

Кіріспе сөз (мұғалім)

Армысыздар, аяулы ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді елімізде тұңғыш рет аталып отырған мереке — 1 желтоқсан, Президент күнімен құттықтаймын.

Қасиетті жеріміздің мерейі, қуатты еліміздің рухы — ел бірлігі мен еңбекқорлықтың жемісі. Кемеңгер басшы соңынан ерген елін адастырмай, нық бағытпен бастап келеді.

Елбасының еңбегін толық айтып тауыса қою мүмкін емес. Дегенмен бүгін сіздердің ой-пікірлеріңізді тыңдап, ортаға салған білімдеріңізді бөліссек деймін. Жоспар бойынша әр оқушы өз ізденісін таныстырады.

Оқушылардың жұмысы

Оқушылар Елбасының балалық шағы, студенттік өмірі, еңбек жолы және биік дәрежеге жету жолындағы табандылығы туралы мәліметтерді толық қамтып, талдау жасайды.

Назеркенің арнауы

Перзентсің туған жерге бір баласың,

Басшысың — бірге бауыр, бірге ағасың.

Алдымен сен толқисың, қуанасың,

Қазақтың көрсең ғажап бір даласын.

Қанша жыл маңдай терді көл қып төгіп,

Сан күрес, қиын жолға төзіп, көніп,

Ақылдың аспанынан сырғанамай,

Қайратты қолмен істеп, көзбен көріп.

Сабырдың, кеңпейілдің, жомарттықтың,

Үлгісін көрсеттің сен талай күннің.

Кезеңдерде кім жүрмеді сүйеніп саған,

Көлеңкеңе қол артып, күш алып қырдың.

Тұрғам жоқ бос дәріптеп төгіп өлең,

Жаралғам адамдықтың тегінен мен.

Жетсе де Қазақстан қай билікке,

Қашан да сол биіктен сені көрем.

Ол менің отаншылдық мақтанышым,

Ақындық ақ шабытым, аппақ ісім.

Мен емес, мақтанады туған дала,

Ұлдарды «Елім» дейтін тапқаны үшін.

Ән: «Қазақстан» — орындаған: мұғалім

«Менің айтарым…» бөлімі

Енді, балалар, «Менің айтарым…» бөліміне кезек берейік. Әзірше сіздерді Елбасымен жүздестіру мүмкіндігі бола бермейді. Десе де, жүрегімізде жүрген ойларды хат арқылы жеткізіп көреміз.

Тапсырма

Әр оқушы Президентке хат жазады. Хаттар оқылып, қорытынды ой бірлескен үндеу ретінде жинақталып, жолданады.

Қорытынды

Тәуелсіздік таңы үшін күрескен Елбасы туралы бүгін айтылған ықылас-ниеттеріңізге, ақ ниетті көңілдеріңізге көп рақмет.

Еліміздің көз қуанышы болып, аман-есен ер жетіңдер. Тәуелсіздігіміз берік, тұғырымыз биік болсын!