Желді бақылау

Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы

Төмендегі картотека серуен барысында табиғат құбылыстарын бақылау, еңбек әрекетін ұйымдастыру, жеке жұмыс арқылы тіл дамыту және қимылдық ойындар арқылы қозғалыс белсенділігін арттыруға бағытталған.

Бақылау Еңбек Жеке жұмыс Қимылдық ойын Дербес ойын

Картотека № 1

Тақырып: Жаңбыр

Бақылау: Жаңбырды бақылау

Жаңбырдың бұлттан жауатынын түсіндіру және оның түрлерін ажырату: жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту

Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, берілген тапсырманы тиянақты әрі ұқыпты орындауын қадағалау.

Жеке жұмыс: Жұмбақ

Ал керемет бұл қандай?
Төгіледі төбеден.
Көк теңізден құйғандай,
Көл-көсір су — не деген?

Жауабы: Жаңбыр

Жұмбақты жаттату арқылы балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қорын дамыту және сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру.

Қимылдық ойын

«Сұр қоян»

Балалардың өз бетімен ойнауы

  • Сазбалшықтан қала құрастыру.
  • «Тәтті тоқаштар» пісіру (ойын түрінде).

Картотека № 2

Тақырып: Бұлт

Бақылау: Бұлтты бақылау

Бұлттың түзілуін түсіндіру және түрлерін ажырату: шарпы бұлт, будақ бұлт, қабатты бұлт.

Еңбек: Ауладағы гүлдерді суару

Балаларды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Жұмбақ

Аспанға ұшар — бу болып,
Жерге қайтар — су болып.

Жауабы: Бұлт

Жұмбақты жаттату арқылы балалардың тіл байлығын арттыру, дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау және ойлау қабілетін дамыту.

Қимылдық ойын

«Соқыр теке»

Дербес ойындар

  • Әткеншек тебу.
  • Тартылғышқа тартылу.

Картотека № 3

Тақырып: Тырналар

Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау

Күз мезгілінде тырналардың жылы жаққа көшетінін түсіндіру. Қыс кезінде азықтың тапшылығы мен аяздың қаттылығы құстарға қиындық тудыратынын айту.

Еңбек: Құстарға жемсауыт жасау

Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, жанашырлық сезімін ояту.

Жеке жұмыс: Тақпақ

Сап-сары боп келе жатқан,
Сезді мекен күзді олар.
Қарлығаштар ұшып кетті,
Ұшып кетті тырналар.

Балалардың сөздік қорын молайту, сөйлеу барысында грамматикалық құрылымды дұрыс сақтауға дағдыландыру.

Қимылдық ойын

«Аттамақ»

Балалардың өз бетімен ойнауы

  • Сазбалшықтан қала құрастыру.
  • «Тәтті тоқаштар» пісіру (ойын түрінде).

Картотека № 4

Тақырып: Жел

Бақылау: Желді бақылау

Желдің түрлерімен таныстыру: салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел. Желдің күшеюі ауа райының салқындауын үдететінін түсіндіру.

Еңбек: Гүлзардағы гүлдерді суару

Өсімдіктерге қамқор болу, аялау және күту дағдысын қалыптастыру.

Жеке жұмыс: Тақпақ — «Жел»

Өлең жаттату арқылы дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуге мүмкіндік беру, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Жел улейді: у-у-у.
Құйын келіп билейді: зу-зу-зу.
Қатты-қатты жел соқты: гу-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты: ду-ду-ду.

Қимылдық ойын

«Орамал тастау»

Автор

Кайреденова Актоты Сағындықовна

Ескерту

Бұл материал «Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы» мазмұнын негізге алады. Қажет болса, бөлімдерді жасы ерекшелігіне қарай толықтырып, серуен маршруты мен ауа райына бейімдеуге болады.