Өнеріміз сайыста, Жетелейді алысқа

Сабақтың тақырыбы

«Көктем аруы»

Мақсаты

  • Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
  • Қазақ халқының қыз тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлер арқылы әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Мақал-мәтелдер Қанатты сөздер Слайд Асық Сандықша

Кіріспе: жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе — елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші

Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

1-жүргізуші

Өнер-білім, тапқырлықтың тарланы — еңбектегі әріптестер мақтаны. Өнеріңді ортаға сал, сайысқа қатысып, құрбыларыңмен жарыс!

2-жүргізуші

Мың бұралған арулар ортаға келіп, өнерін көрсетпек. Аруларын сыйлаған халқымыз, оларды көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Қатысушылар

Сайысқа қатысатын арулар (таныстыру мәтіні өңделіп берілді):

  • Дина

    Өнерлі, бойына өнер жиған қыз.

  • Тойжан

    Білімді, бар ілімді меңгерген.

  • Ұлпан

    Үлбіреген, қос жанары мөлдіреген.

  • Амангүл

    Елгезек, сөзге тез ілігетін.

  • Аружан

    Ақша бетті, хор қызына ұқсас.

  • Аэлита

    Бұрымдары желбіреген көрікті ару.

  • Ұлбосын

    Өнерлі, мінезі жігерлі.

  • Айперім

    Сымбатты, өнері қымбатты.

Әділқазылар алқасы

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан қазылармен танысайық:

Мектеп директоры
Дүйсенбек Әликәрімұлы
Оқу ісінің меңгерушісі
Асхат Құмарбекұлы
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Жанар Қасымбекқызы
Әдіскер
Мария Амирханқызы

Сайыс құрылымы: 6 тур

  1. 1

    Өзін-өзі таныстыру

    Қатысушы өз бейнесін, қызығушылығын, құндылығын таныстырады.

  2. 2

    «Бес саусағынан өнер тамған» — ою ою

    Ою ойып, оның мәнін қорғап түсіндіру.

  3. 3

    «Өнерліге өріс кең» — өз өнерін көрсету

    Ән, би, көркемсөз, аспаптық орындау және т.б.

  4. 4

    «Ас — адамның арқауы» — ұлттық тағамды қорғау

    Тағамның дайындалуы, мәні, дәстүрдегі орны туралы таныстыру.

  5. 5

    «Мың бір мақал» сайысы

    Таңдалған тақырып бойынша мақал-мәтел айту.

  6. 6

    «Тіл жүйріктен де озады» — полиглот

    Сандықшадағы жасырылған затты сипап сезу арқылы табу және оны үш тілде айту.

Жүргізушілердің шақыруы

Кел, достар, бастайық — той кешін бастайық. Қызықтан еш адам құр қалмасын!

Ескерту

Қатысушылар өз нөмірлерін алып, әр турда өз өнерін көрсетеді.

Турлар барысы

1-тур: Өзін-өзі таныстыру

Көңілге түй: әр бүлдіршін — ел гүлі. Бақытты елде туғаның есіміңнен-ақ белгілі.

2-тур: Ою ою және қорғау

Қыз сұлу көрінеді — ісіменен. Қазақ халқының өзге ұлттар секілді дәстүрі мен салты мол.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүр — халқымыздың қазынасы. Ұмыт болған дәстүрлерді сақтап, насихаттап, жаңартудан қашпайық.

Ән: «Анама»
Орындайтындар: Ілияс Болатұлы, Асхатов Бекзат

3-тур: «Өнерліге өріс кең»

Өнерсізден қашып жүр, өнермен үлгі шашып жүр. Өнерді көп білетін — дана, өнерсіздің ісі — шала.

Қане, қыздардың өнерін тамашалайық!

4-тур: «Ас — адамның арқауы» (ұлттық тағамды қорғау)

Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі — қонақжайлылық. «Құдайы қонақпын» деп келген жанды кері қайтармай, жылы жүзбен қарсы алып, барымен сый-құрмет көрсету — елдіктің белгісі.

Ендеше, ұлттық тағамды таныстырып, оның мәнін қорғау кезеңін бастаймыз.

5-тур: «Мың бір мақал»

Мақал — сөздің мәйегі. Білімді болсаң, жолың ашылар; ұшқыр ой, талап, біліммен алға озарсың.

Келесі кезек: қатысушылар өздері таңдаған тақырыптар бойынша мақал-мәтел айтады.

6-тур: «Тіл жүйріктен де озады» (полиглот)

Сымбатына сәнді киім жарасатын, аспандағы аймен таласатын аруларымыздың келесі белесі — полиглот кезеңі.

Шарт: сандықша ішіндегі жасырылған затты сипап сезу арқылы тауып, оны үш тілде айту.

Ән: «Асыл ана»
Орындайтындар: Тоқанов Рахат, Болатұлы Мирас

Бағалау және қорытынды

Әділқазылар бағалауы

Әділқазылар алқасы ұпайларды есептегенше, өнерпаздардың өнерін тамашалайық. Қорытындыда қазылар қатысушылардың ұлттық киімі, сайыс бойы өзін ұстауы, сөйлеу мәдениеті, жүріс-тұрысы сияқты қырларын да ескереді.

Номинациялар

  • «Көктем аруы»
  • «Көрермен көзайымы»
  • «Білімді қыз»
  • «Өнерлі қыз»
  • «Дарынды қыз»
  • «Тапқыр қыз»
1-жүргізуші

Өнеріміз сайыста

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі —

Достық болып қалады.

2-жүргізуші

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Наурыз құт-береке, ынтымақ пен бірлік әкелсін.

Ән: «Асыл әже»
Орындайтындар: сынып оқушылары