Аралас эстафета

Жалпы мәлімет

Өңірі
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылы
Мекеме
Жамбыл орта мектебі (КММ)
Пән
Дене шынықтыру
Сынып
8-сынып (сыныптан тыс сабақ)
Мұғалім
Дюзьбаев Даурен Кеншілікұлы

Сабақтың тақырыбы

Шаңғы спорты. Биатлон. Аралас эстафета.

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Эстафеталық жарыстың мазмұнын, ережелерін және ерекшелігін түсіндіру. Шаңғы тебудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгерту.

2) Дамытушылық

Дене қуаты қасиеттерін дамыту. Түйсік, сезім және жүйке жүйесінің жұмысын жетілдіру.

3) Тәрбиелік

Дене мүсінін дұрыс қалыптастыруға ықпал ету. Оқушылардың биатлон спортына қызығушылығын арттыру.

Ұйымдастыру

Өткізілетін орны

Шаңғы алаңы

Құрал-жабдықтар

  • шаңғы, таяқ
  • пневматикалық мылтық
  • нысана
  • жалаушалар

І. Кіріспе бөлімі (10–12 минут)

Сабақтың басталуы

  • 1 Оқушыларды қатарға тұрғызу, рапорт алу, сәлемдесу.
  • 2 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
  • 3 Шаңғыны киіп, 100 м алаңды айналып жүру.

Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ)

  1. 1 Мойынды оңға және солға айналдыру.
  2. 2 Қолды алға және артқа айналдыру.
  3. 3 Қолды белге қойып, белді оңға және солға айналдыру.
  4. 4 Екі аяқты алшақ қойып, алға еңкейіп, қолды кезекпен созу: оң қолды — сол аяқ ұшына, сол қолды — оң аяқ ұшына.
  5. 5 Орнында отырып-тұру.

ІІ. Негізгі бөлім (28–30 минут)

Аралас эстафетаның өту тәртібі

Эстафетаны екі команданың қыздары бастайды. Бастаушылар сөре сызығына дайындалып тұрады, ал келесі қатысушылар эстафетаны қабылдау сызығында дайын күтіп тұрады.

Мұғалімнің белгісімен жарыс басталады: спортшы бір айналым жасап, ату орнына келеді.

Ату тәсілі — жатып ату. Мылтықтар ату орнында жатады. Әр спортшыға 4 оқ беріледі: 3 негізгі және 1 қордағы.

Нәтиже және айып айналымы

  • Үш нысананың бәріне дәл тигізген спортшы эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.
  • Нысанаға тимеген жағдайда спортшы әр жіберілген нысанаға сәйкес 75 м шағын айып айналымын жүгіріп өтеді, содан кейін ғана эстафетаны тапсырады.
  • Осы тәртіп командадағы барлық төрт спортшы өз кезеңін аяқтап, нысана атып болғанша қайталанады.

Жеңімпазды анықтау

Қай команда мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, сол команда жеңімпаз деп есептеледі.

Қалпына келтіру

Жарысты аяқтаған оқушылар шаңғыларын шешіп, өздігінен организмді қалпына келтіруге арналған жеңіл жаттығулар орындайды.

Толық нұсқасын жүктеу.