Қош балалар бақшасы

Қош, балалар бақшасы!

Құрметті ата-аналар, бүгін біз үшін ерекше мереке. Себебі бүгін екі жыл бойы тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз. Балалардың шағын орталықпен қоштасуына арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ортаға шақырамыз

  • Мадина — тақпақты тақылдатып жаттайтын қызымыз.
  • Балғын, Аяулым, Шырын — шағын орталықтың биші қыздары.
  • Аружан мен Аяулым — еңбек десе ерінбейтін еңбекқор қыздар.
  • Баян — топтың кербез де ерке қызы.
  • Шырайлым — топтың сүйкімді сұлу қызы.
  • Ұлан, Ернұр, Арман — топтың сүйкімді де сүйікті ұлдары.
  • Амангелді — топтың күміс көмей әншісі.

Тақпақтар мен құттықтау сөздер

Аружан

Құрметті қонақтар, армысыздар! Бәріңіз де есен-сау бармысыздар? Қоштасатын күн келді бақшаменен, Апайларға айтар алғысым бар.

Балғын

Ақ тілекті ағытып біз тастайық, Қоштасатын әнімізді бастайық. Әдеппенен өнегені үйреткен, Бақшамызды есімізде сақтайық.

Ән:

«Бақытты баламыз»

Ұлан

Бақшадағы күндерді Есімізде сақтаймыз. Тәрбиеші еңбегін Бәріміз де ақтаймыз.

Арман

Бақшамызды ұмытпай, Келіп-кетіп тұрайық. Сондай кезде апайлар Қалады ғой қуанып.

Баян

Үлкендердей тап-таза, Жазамыз бормен тақтаға. Үлгілі бала боламыз, Жүретіндей мақтана.

Мадина

Ана тілін ардақтап, Ана салтын біз көрдік. Сурет салып, ән жаттап, Би билеуді үйрендік. Сүйген өз қыз, өз ұлын, «Бөбегім» деп аянбай, Бала-бақшам — өз үйім, Апай болды анамдай.

Би:

«Қара жорға»

«Бестік» қонаққа келеді

Бестік: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің достарыңмын. Менің атым — Бестік. Мектепте мен сендердің серіктерің боламын. Сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін келдім.

Тәрбиеші: Ендеше, балалар, Бестікке өнерімізді көрсетейік!

1-тапсырма: Санамақ (Аяулым)

Бір дегенім — білім, Екі дегенім — елім, Үш дегенім — ұшақ, Төрт дегенім — тұсақ, Бес дегенім — бастау, Алты дегенім — астау, Жеті дегенім — желім, Сегіз дегенім — сенім, Тоғыз дегенім — торқа, Он дегенім — оңқа.

Түсініксіз болса, үлкендерден сұра.

2-тапсырма: Жаңылтпаш

Шырын

Қара майлы қарағайды, Кесейін бе, кеспейін бе? Қазықтағы қара тайды, Шешейін бе, шешпейін бе?

Мадина

Әй, әй, Айдарбай, Иір мүйіз сиырыңды Үйіңе айдай бар.

3-тапсырма: Жұмбақ

Ұлан

Тілі бар да, үні жоқ, Сөйлеп тұрар ішінен. Көзбен шалсам бір рет, Не дегенін түсінем.

Жауабы: кітап

Ернұр

Ортасында ішегі бар, Жіп-жіңішке денесі бар.

Тәрбиешінің сөзі

Балаларымыз оң және кері санауды біледі: бірден онға дейін. Сонымен қатар ішін-сыртын ажырата біледі, түстерді таниды.

Қоштасу жырлары

Арман

Құшағында жарқылдап Өтті сәби күндерім. Би биледім, ән тыңдап, Алаңдауды білмедім.

Ернұр

Гүлге толы жан-жағым, Асыр салып жүгірдім. Өсті талап-талғамым, Көп нәрсені ұғындым.

Шырын

Сен үйреттің сөйлеуді, Сенде ойым есейді. Мектепке барам мен енді, Бала-бақшам, қош енді.

Аружан

Жеті жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Қуантып ата-ананы, Мектепке кетіп барамыз.

Баян

Мектепке ертең барамыз, Оқимыз, білім аламыз. Қашық емес арамыз, Бақшаға келіп тұрамыз.

Ұлан

Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып бала-бақшамен, Мектепке кетіп барамыз.

Балғын

Бала-бақша, қош енді, Әркез аман бол деймін. Әкем менен шешемді Ертіп енді келмеймін.

Шырайлым

Мектеп — біздің панамыз, Мектеп — біздің анамыз. Ұлағатты ұстаздан Оқып, білім аламыз.

Аяулым

Бөлмеміз әрқашан тап-таза, Ойыншықтар өз орнында. Тамақ берген уақытында Рақмет, Алия апайға.

Би:

«Матрешкалар»

Қимастыққа толы қоштасу

Аяулым

Бала-бақша, бала-бақша, Шаңырағы — шаттықтың. Бала-бақша — қорғанышы Балғын сәби жастықтың. Қуанамыз, сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызбен қимай біз Қоштасатын күн бүгін.

Шырайлым

Қағазға сурет салдырып, Қарайсыз көз талдырып. Жақсы ісімді мақтайсыз, Ананы таң қалдырып. Тәрбиеші апайға Көп рақмет айтамын.

Аман

Қуантып әрі қинайды Бақшамнан алыс кеткенім. Қажет қой, бірақ, білімнің Кемесінен өткенім.

Би:

Вальс

Құттықтау сөзі ата-аналарға

Тәрбиеші: Өсті міне ойларың, өсті міне бойларың. Қуаныштарыңа ортақпын, құтты болсын тойларың! Енді құттықтау сөзді ата-аналарға береміз.