Автомобильге алғашқы техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі
Сүйеуова Балхаш Есжанқызы
арнайы пән оқытушысы.
Қызылқоға аграрлы - техникалық колледжі
Мамандық коды: 1504000
Мамандық атауы: Фермер шаруашылығы
Біліктілігі: Автомобиль жүргізушісі
Пәні: Автомобиль құрылысы, техникалық қызмет көрсету
Тест тапсырмалары (Білім алушылардың теориялық білімдерін бағалау мақсатында)
1. ГАЗ - 53 автомобильіне І техникалық қызмет көрсету қашан жүргізіледі?
а) күн сайын; ә) 500 км соң; с) 3000 км жүрген соң; д) 8000 км жүрген соң; е) 1000 км жүрген соң.
2. Майлау жүйесін қандай мақсат үшін қолданады?
а) қозғалтқыштың барлық бөлшектерін маймен қамтамасыз етеді;
ә) цилиндр ішіне жану қоспасын шығару қызметін атқарады;
с) цилиндр ішіне жану қоспасын даярлау қызметін атқарады;
д) цилиндр ішіндегі жүретін процестерді иінді - шатунды механизммен бірлесе отырып іске асырады;
е) қозғалтқыш бөлшектерінің аралығындағы үйкеліс күшін азайту қызметін атқарады.
3. Аккумулятордың кернеуі қандай құралмен тексеріледі?
а) ватметр; ә) амперметр; с) вольтметр; д) термометр; е) ариометр.
4. Автомобильдердің түрлері қандай?
а) автобустар, жүк машинасы; ә) жүк машинасы, автобустар, көтергіш крандар; с) спорттық көліктер; д) жүк машинасы, жүргінші көлігі, арнаулы автомобильдер;
е) басқару механизмдері, жүргінші көлігі, арнаулы автомобильдер.
5. Автомобильге техникалық қызмет көрсетудің және оны жөндеудің мақсаты?
а) автомобильдің техникалық байқаудан өтуі;
ә) автомобильдің қозғалысы;
с) автомобильді жұмысқа қабілетті жағдайында ұстау;
д) автомобильді күрделі жөндеу;
е) автомобильді жарамды және жұмысқа қабілетті жағдайында ұстау.
6. Автомобильге алғашқы техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?
а) 240 мотосағаттан кейін;
ә) 960 мотосағаттан кейін;
с) күзгі - қысқы және көктемгі, жазғы кезеңде;
д) 60 мотосағаттан кейін;
е) күн сайын (ауысым сайын).
7. КамАЗ - 5320 автомобильіне №1 техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?
а) күзгі - қысқы және көктемгі, жазғы кезеңде;
ә) күн сайын (ауысым сайын);
с) 9000 км;
д) 12000 км;
е) 4000 км.
8. №3 техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?
а) №2 техникалық қызмет көрсету;
ә) күн сайынғы (ауысым сайын) техникалық қызмет көрсету;
с) маусымдық техникалық қызмет көрсету;
д) алғашқы техникалық қызмет көрсету;
е) ағымдағы, күрделі жөндеу.
9. Май сүзгілерін неше мото сағаттан кейін жуады?
а) 560 мото сағат
ә) 960 мото сағат
с) 660 мото сағат
д) 760 мото сағат
е) 860 мото сағат
10. Кривошипті - шатунды механизмнің атқаратын қызметі қандай?
а) поршеньді иінді білікпен жалғау;
ә) иінді білікке күш беру;
с) жұмыстық циклды жүзеге асыру;
д) иінді біліктің айналмалы қозғалысын поршеньнің ілгерілмелі қозғалысына келтіреді;
е) поршеньнің ілгері - кейінді қозғалысы иінді біліктің айналмалы қозғалысына келтіреді.
11. Автомобиль қозғалтқыштарында майлау жүйесінің қандай түрі қолданылады?
а) майлаудың аралас жүйесі;
ә) қысыммен майлау жүйесі;
с) аралас және бүркумен;
д) жоғары қысымды;
е) бүркудің майлау жүйесі.
12. Механикалық трансмиссияның құрылысы?
а) алдыңғы белдік, рама, артқы белдік;
ә) жетекші білік, жүріс бөлігі;
с) ілініс муфта, дифференциал, ступица, рама;
д) ілініс муфтасы, беріліс қорабы, кардан берілісі, артқы мост;
е) рама, рессора, амортизатор, ступица.
13. Атқаратын орнына қарай поршень сақинасының орналасу жолы қандай?
а) қатуға қарсы;
ә) компрессорлы және майлағыш;
с) нығыздағыш және майлағыш;
д) бір қатарлы;
е) газ қысымы.
14. Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарын майлау қандай әдістермен пайдаланылады?
а) шашырату арқылы;
ә) өз ағынымен;
с) қысыммен шашырату арқылы, өз ағынымен;
д) қысыммен және өз ағынымен;
е) қысыммен және шашырату арқылы.
15. Автомобиль шиналарын сақтау кезінде қалай орналастыру керек?
а) көлденең;
ә) перпендикуляр;
с) белгілі бір бұрышпен;
д) тік;
е) еңісті.
16. Автомобильге техникалық қызмет көрсетудің және оны жөндеудің мақсаты қандай?
а) автомобильді пайдалану;
ә) автомобильдің техникалық байқаудан өтуі;
с) автомобильді жарамды және жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау;
д) автомобильді күрделі жөндеу;
е) автомобильдің қозғалысы.
17. Салқындату жүйесінің атқаратын қызметі?
а) қозғалтқыштың тиімді (оптималды) температурада жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ә) автомобильдің салонын салқындату;
с) қысқы кезеңде оталдыруды жеңілдету;
д) қозғалтқышты жылыту;
е) қозғалтқышты салқындату.
18. Амортизатордың атқаратын қызметі қандай?
а) қаңқаның беріктігін төмендету;
ә) қаңқаның беріктігін жоғарылату;
с) тербелістерді басу;
д) жүріс бөлігін бекіту;
е) қаңқаға күштің әсерін жеткізу.
19. Газ тарату механизмінің атқаратын қызметі қандай?
а) жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады;
ә) ауа немесе жанғыш қоспаны керек мезетте цилиндрлерге енгізіп, пайдаланылған газдарды
шығарады;
с) цилиндрлердегі тактілердің өту тәртібін қамтамасыз етеді;
д) клапандарды уақытында ашып тұру;
е) цилиндрлердегі жұмыс циклының өту тәртібін қамтамасыз етеді.
20. Күн сайынғы техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?
а) техникалық қызмет көрсету №2 - ден кейін;
ә) жұмыс уақыты басталар алдында;
с) техникалық қызмет көрсету №3 - ден кейін;
д) жұмыстың аяғында;
е) жұмыс уақыты басталар алдында және жұмыс уақытында.
Толық нұсқасын жүктеу
Автомобильдерді күрделі жөндеуде механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі құралдары
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
Қорапты бояу мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар
Өндірістік учаскелердің ауданын есептеу
ТҚК және автомобиль жөндеу
Көлік техникасына ТҚК және жөндеуді басқару
«Бек-сервис» ЖШС жылжымалы құрамына ТҚК мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару
Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу
Тасымалдаудың жүк айналымы
Көлік техникасының сенімділігі пәні бойынша лекциялық кешен
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясаты ЖШС «Adramit Akros» мысалында