Ашық дауыстылардың жазылуы

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі

Пән мұғалімі

Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Дауысты дыбыстардың емлесі

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Сабақтың типі

Қайталау сабағы

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдер және көрнекілік

Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу; тақырыпқа байланысты үлестірмелер.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың фонетика тарауынан алған лингвистикалық білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

Тәрбиелік

Оқушыларды еңбекке, елдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша орындалған тапсырмалар тексеріліп, қателер талданады.

III. Жаңа сабақ: дауысты дыбыстардың емлесі

Бұл бөлімде ашық және қысаң дауыстылардың жазылу ерекшеліктері мысалдар мен ескертпелер арқылы жүйеленеді.

1) Ашық дауыстылардың жазылуы

А, Е дауыстылары

А, е дауыстылары сөздің барлық буынында жазылады.

Мысалдар

алақан, мақала; ереже, елгезек.

Ә дауыстысы

Ә дауыстысы көбінесе сөздің бірінші буынында жазылады.

Мысалдар

әсем, әлеуметтік, дәурен, кәсіп, ән.

Ескерту

  1. Ә әрпі кейбір сөздердің екінші буынында естілуі бойынша жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, күмән, зәмзәм, шүбә, мүсәпір, Күлән, Күләш, Күләй.
  2. Ә әрпі біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында да жазыла береді: ендігәрі, әжептәуір, Гүлжәмила, Бейсенәлі, кәп-кәрі, әлсін-әлі.

О, Ө дауыстылары

О, ө дауыстылары сөздің бірінші буынында жазылады.

Мысалдар

бөрене, көбелек, өсімдік, оқ, тор, төр.

Ескерту

  1. О әрпі орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында да жазыла береді: кино, синоним, домино.
  2. О, ө әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында да жазыла береді: көркемөнер, төсек-орын, алабота, Айнамкөз.

2) Қысаң дауыстылардың жазылуы

Ұ, Ү әріптері

Ұ, ү әріптері сөздің бірінші буынында жазылады.

Мысалдар

ұзын, ұлы, құлын, күн, құн, ұн, жұдырық.

Ескерту

  1. Ұ, ү әріптері кейбір сөздердің екінші буынында жазылады: бұлбұл, мазмұн, мақұл, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, байғұс, мағлұмат.
  2. Ұ, ү әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буындарында да жазыла береді: қыстыгүні, көкқұтан, мал-мүлік, күп-күрең.

Ы, І әріптері

Ы, і әріптері сөздің барлық буынында жазылады.

Мысалдар

ыдырау, ыстық, абырой, айығу, іскер, көрініс, қабілет, қатынас, ықылас, қыртыс.

Ескерту

Кейбір сөздердің соңғы буынындағы ы, і дыбыстары тәуелдік жалғауынан басқа қосымшалар жалғанғанда, жазуда түсіп қалады: орын+а=орна, ойын+а=ойна, бұйыр+ық=бұйрық, жиын+ал=жинал, қорық+ыт=қорқыт.

И дыбысы және ю/я жазылуы

И дыбысына біткен етістіктерге, сондай-ақ сый, тый етістіктеріне , жұрнақтары жалғанғанда, олар ю, я болып жазылады.

Мысалдар

  • қи + у = қию
  • қи + а = қия
  • и + у = ию
  • кей + у = кею
  • тый + ады = тыяды

IV. Бекіту тапсырмалары

1) Қай жағынан оқысаң да мағына беретін сөздер

Қай жағынан оқысаңдар да белгілі бір мағына беретін 10–15 сөз теріп жазыңдар.

түс — сүт сақ — қас лақ — қал сал — лас қазақ қызық құс — сұқ тақ — қат

2) Бірдей дыбыстан басталып/аяқталатын сөздер

Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты немесе бірдей дауыссыз болып келетін 10 сөз тауып жазыңдар.

Дауысты дыбыстар

алма, іні, ынталы, арна, арпа, әже, өлке, арба, айна, аққала.

Дауыссыз дыбыстар

қасық, қақ, балық, жастық, қар, тас, төл, сал, қыр, мал.

3) Деңгейлік тапсырмалар

Оқушылардың деңгейіне сай жаттығулар орындалады: дыбыстық талдау, емле нормаларын қолдану, сөз түрлендіру.

V. Қорытындылау

Қорытынды тапсырма

Бір буынды сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:

ат тал сой ақ ес ін ұл күн қақ жаз

VI. Үй тапсырмасы

Оқуға және қайталауға

  1. Ашық дауыстылардың жазылуы.
  2. Қысаң дауыстылардың жазылуы.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен орындаған жұмыстары бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі; белсенділік, дәлдік және сауатты жазу дағдылары ескеріледі.