Мәтінді талдауға арналған сұрақтар
Сабақ тақырыбы
З. Шүкіров «Арпалыс» (Әдебиеттік оқу, 3-сынып)
Оқыту мақсаттары
Барлық оқушылар
Мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Кейбір оқушылар
Мәтінге сүйеніп, қысқы шопан еңбегі туралы айта алады.
Сабақтың барысы
Басталуы
- Психологиялық ахуал қалыптастыру, сергіту сәті.
- Топқа бөлу (жыл мезгілдері бойынша): 1-топ — көктем, 2-топ — жаз, 3-топ — күз, 4-топ — қыс.
- Үй тапсырмасын «Сұрақты қағып ал» стратегиясы арқылы тексеру. Бағалау: «Басбармақ» әдісі.
Жұмбақ
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.
(Жауабы: боран)
Оқушылар боранның дауысын тыңдап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Ортасы
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді тізбектей (кезектесе) оқыту, мазмұнын талдау.
Сөздік жұмыс
- Арпалыс
- Табиғаттағы қиындықпен күресу.
- Ықтау
- Боран тимейтін жерге паналау.
- Ақтүтек
- Қарды оңды-солды ұшырған қатты боран.
Талдауға арналған сұрақтар
- Әңгіме неге «Арпалыс» деп аталады?
- Бұл мәтінге тағы қандай атау қоюға болады?
- Ағалы-інілі балалар неліктен боранда қалып қойды?
- Әңгімеден қандай ой түйдің?
Топтық жұмыс
- 1-топ: Мәтіндегі қатты бораған суық күн мен жел басылған кезді Т-кестеге түсір.
- 2-топ: SWOT-кестесін толтыр.
- 3-топ: «Жақтау/даттау» әдісі бойынша қыс мезгілін жақта.
- 4-топ: «Жақтау/даттау» әдісі бойынша қыс мезгілін датта.
Саралау тапсырмалары
- А деңгейі: Мәтінге сүйеніп, қысқы шопанның еңбегі туралы айт.
- В деңгейі: Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыр.
- С деңгейі: Мәтіннен Бақтыбайдың сөзін тауып, мәнерлеп оқы.
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы өзара және өзін-өзі бағалау.
Өмірмен байланыс
Қазіргі кезде жоғалған адамдарды іздеу үшін ерікті іздеушілер топтары құрылып жатыр. Олар іздеу жұмыстары арқылы адамдарға көмек көрсетіп, қауіпсіздікті арттыруға үлес қосады.
Аяқталуы
- Мәтін кейіпкеріне хат жаз.
- Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мәлімет
Орналасқан жері
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Білім беру ұйымы
Аягөз аудандық білім бөлімінің №4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Оразаева Шынар Женисовна