Төмен деңгей
Ақтөбе қаласы • №5 орта мектеп • Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу сабағы: «Сақина» (ертегі)
Мұғалім: Төлегенова Гүлмира Жақсылыққызы
Түрі
Жаңа сабақ
Тақырыбы
«Сақина» (ертегі)
Негізгі құндылық
Адалдық, шыншылдық, еңбекқорлық
Сабақтың мақсаттары
Оқушыларға ертегінің мазмұнын ұғындыру, жаңа сөздермен таныстыру.
Сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін және сахналау дағдыларын дамыту.
Адалдыққа, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдістер
- •Сұрақ-жауап
- •Талдау және пікірталас
- •Әңгімелеу, сахналау
- •«Бес жолдық өлең» (сэнквейн)
- •«Фишбоун» стратегиясы
Көрнекіліктер
- •Интерактивті тақта
- •Ертегіге қатысты суреттер
- •Тірек-сызба, топтық жұмыс материалдары
- •Кейіпкерлер костюмдері
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, досым, Сәтті сабақ болсын! Күнделігің бүгін 4 пен 5-ке толсын!
2) Эпиграф және алдыңғы білімді белсендіру
Эпиграф
Ертегі, мақал, жаңылтпаш — Қазынасы халқымның. Солардан алып өсермін, Асылын ата-салтымның.
Талқылау сұрағы: ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады?
Жауап үлгісі: ертегі, аңыз, тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, мақал, жаңылтпаш, жұмбақ және т.б.
3) Ертегілердің түрлері
Хайуанаттар туралы ертегілер
Қиял-ғажайып ертегілер
Шыншыл ертегілер
4) Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Әшекей бұйым болып табыламын, Арудың саусағына салынамын.
Жауабы: сақина
5) Мәтінмен жұмыс
Тыңдалым
Ертегіні үнтаспадан тыңдату.
Оқылым
Оқулықпен жұмыс: «түртіп алу» стратегиясы, тізбектей оқу.
6) Сөздік жұмысы
Пиғылы
ниеті
Шұрайлы
құнарлы
Тізе бүкпей
демалыссыз
Бітік
мол, көп
Мезгіл
уақыт
Бейнет
азап
7) Топтық тапсырмалар
1-топ
Егер бұл сақина сенің қолыңа түссе, не тілер едің?
2-топ
Шаруа мен зергерді салыстыра сипатта (Венн диаграммасы).
3-топ
Ертегінің соңғы сөйлемін оқып, қалай түсінгеніңді айт.
4-топ
Сақинаны сипатта. Сақина туралы жаңа жұмбақ құрастыр.
8) Сергіту сәті
«Шөжелерім» бейнеролигі бойынша қимыл-қозғалыс жаттығулары.
9) Деңгейлік тапсырмалар
Жоғары деңгей (қызыл)
Мәтін мазмұнына сүйеніп, «адалдық» сөзімен бес жолдық өлең (сэнквейн) құрастыр.
Орта деңгей (көк)
Адалдық туралы мақал-мәтел жаз.
Төмен деңгей (сары)
Ертегі бойынша сурет сал.
10) Қорытынды
Оқушылар ертегіні сахналайды. Талқылау барысында негізгі ой мен тәрбиелік мәні жинақталады.
11) Үй тапсырмасы
«Адалдық — адам келбеті» тақырыбына эссе жазу.
Ертегіні оқу (қайта оқу, мазмұндауға дайындалу).
12) Бағалау
Бағалау мадақтау арқылы жүргізіледі: белсенділік, жауаптың нақтылығы, топтық жұмыстағы үлес және сахналауға қатысу ескеріледі.