Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелерМақсаты
Математика (4-сынып)
Тақырыбы
Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдістері
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс
Формасы
«Аукцион» сабағы
Мақсаты
- Кесіндіге тиісті және тиісті емес нүктелер туралы түсінік қалыптастыру.
- Үш таңбалы санға көбейту мен бөлу дағдыларын нығайту.
- Өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасай білуге баулу.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар сынып бөлмесіне музыкамен кіріп, қолдарына цифрлар ұстайды. Сол цифрлар бойынша топтарға бөлініп отырады.
Дәйексөз: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім», — деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Бируни.
Ендеше, бүгінгі сабағымызда білім байлығы «саудаға» түседі — аукцион сабағымызды бастайық.
Аукцион деген не?
Аукцион — көпшілік алдында кім ең жоғары төлем ұсынса, бұйым (немесе тапсырма) соған сатылатын бәсекелі жария сауда. Бұл сөз латынның auctio — «бәсекелі сауда» деген мағынасынан шыққан. Аукцион тұрақты немесе уақытша белгіленген орында өткізіледі.
Ойын ережелері
Әр топтың қорында 1400 тг бар. Бұл — бастапқы капитал.
Аукционға есептер (тапсырмалар) шығарылады. Әр есептің бастапқы бағасы — 100 тг.
Жүргізуші есепті жариялағаннан кейін саудаласу басталады. Қай топ көбірек ақша ұсынса, сол топ бірінші болып жауап беруге құқылы.
Егер жауап дұрыс болса, банк топ белгілеген сомаға тең қаражатты қосып береді (капитал артады).
Егер жауап қате болса, топ ұсынған сомасын жоғалтады: яғни өз қорынан сол мөлшерде қаражат банкке өтеді.
Егер топ барлық ақшасына сұрақ сатып алып, дұрыс жауап бермесе, банкрот болады: барлық ақшасынан айырылады және сол турға қатысқанымен, жауап беру құқығынан айырылады.
Ойын барысында жүргізуші мен эксперт тобы өз қаражатынан бір рет бір топқа ақшалай сыйақы бере алады. Тәртіп бұзған топқа 100 тг көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Сабақ соңындағы қорытынды
- Топтар жинаған капиталын санайды.
- Топтағы оқушылардың жұмысына қарай қаражат «үлестіріліп», соның негізінде бағаланады.
- Топ басшылары әр оқушының толық қатысуын қадағалайды.
- Жүргізуші қалауы бойынша, ең көп капитал жинаған топқа жоғары баға қоюы мүмкін.