Марс тапсырмасы
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы ЖББОМ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Журалиева Шынаргүл Дәрібайқызы
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Лексикадан өткенді қайталау (слайд арқылы)
Сабақтың түрі
Қиял-ғажайып саяхат сабағы
Сабақтың әдістері
- Топтастыру
- Сұрақ-жауап
- Ізденушілік
- Талдау
Көрнекіліктер
- Кесте
- Сөзжұмбақ
- Танымдық тапсырмалар
- Суреттер
Пәнаралық байланыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Лексика» тарауынан өткенді қайталау, білімді жинақтау. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін әртүрлі тапсырмалар арқылы тексеру.
Дамытушылық
Оқушыларды өз бетінше ізденуге бағыттау, ойлау қабілетін дамыту, жылдам әрі нақты жауап беруге жаттықтыру. Алған білімін талдап, жинақтай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Ұлттық спорт туралы білім бере отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, рухани байлыққа, адамгершілікке және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, көңіл күйді реттеу.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
213-жаттығу: оқушылар өз ертегілерін оқиды.
-
3) Жаңа сабақ: «Галактикаға саяхат»
Сахналық кіріспе
(Тылсым әуен естіледі. Қорқынышты дыбыс шығады.) Бір сәтте сыныпқа өзге әлемнің тұрғыны келеді:
— Сәлеметсіздер ме, достар! Мен Нептунның тұрғынымын. Сіздердің елдеріңізге қыдырып келіп едім. Бірақ енді өз әлеміме қайта алмай тұрмын: құпия сөзімді ұмытып қалдым…
Менің қолымда файл бар. Онда түрлі күрделі тапсырмалар берілген, бірақ мен оларды жалғыз орындай алмаймын. Біз галактикаға саяхатқа шығуымыз керек. Әр планетада бір тапсырма болады. Әр тапсырмада ерекшеленген әріп-таңбалар кездеседі. Сол әріптерді жинасақ, құпия сөзді табамыз. Маған көмектесесіздер ме?
Мұғалім: «Балалар, досымызға көмектесеміз бе? Ендеше саяхатқа аттанайық…»
(Оқушылар шеңберге тұрып, көздерін жұмады. Тылсым әуен қайта естіледі.)
1Меркурий тапсырмасы
Төменде берілген сөздерді сәйкестендіріңіз:
Сөздер: сынып, үн-таспа, күпі, құдағи, шиіт, куб, қоза, сым, кереует, нөкер, саяжай, уәзір, сынып
ДиалектизмдерНеологизмдерТерминдерКөнерген сөздерКәсіби сөздерКірме сөздер2Шолпан тапсырмасы
Сөзжұмбақты шешіңіз: «Антонимдер» (венгр сөзжұмбағы). Сөздерді кез келген бағытта оқу арқылы 6 жұп антоним табыңыз.
3Жер тапсырмасы
«Жанды сұрақтар»: оқушылар бейне-сұрақтарға жауап береді.
4Марс тапсырмасы
Семантикалық кестемен жұмыс:
№ Сөздер Табу Эвфемизм Дисфемизм 1 Кекілдім 2 Аяғының сылтымасы бар 3 Төре жігіт 4 Көк мылжың 5 Сүмелек 6 Албасты 7 Құлағы мүкіс 8 Аузы жеңіл 9 Арайлым 10 Езбалдақ 5Юпитер тапсырмасы
Берілген сөздердің синонимін немесе баламасын тауып, жаңа сөз жасаңыз.
6Сатурн тапсырмасы
Берілген әріптерді сағат тілімен оқыңыз: екі әріптен тастап отырып, мақал құрастырылады. Қандай мақал екенін табыңыз.
7Оқулықпен жұмыс
225-жаттығу: мақалдарды бір бағанға, мәтелдерді бір бағанға теріп жазыңыз.
Қорытынды сәт
Барлық тапсырмалар орындалғаннан кейін, жиналған әріп-таңбалардан жасырынған сөз табылады. Оқушылардың жауабы: «Астана».
Нептун тұрғыны: «Рахмет, достар! Құпия сөз табылды, енді өз ғаламшарыма қайта аламын. Сендер білімді, ұйымшыл балалар екенсіңдер. Сабақтарыңды жақсы оқып, ата-аналарыңның айтқанын тыңдаңдар. Қош болыңдар!»
(Іштей бірдеңе күбірлеп, кенеттен ғайып болады.)
Бекіту сұрақтары
Сұрақтар
- Лексика нені зерттейді?
- Диалектизмдер дегеніміз не?
- Лексиканың салаларын атаңыз.
- Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?
Бағалау
Оқушылар сабаққа белсене қатысады. Қатысу деңгейіне қарай барлық оқушы бағаланады.
Негізгі өлшемдер: жауаптың дәлдігі, жылдамдық, топтағы белсенділік, тапсырманы толық орындау.
Үй тапсырмасы
А тобы
«Лексика патшалығы» тақырыбына ертегі жазу.
Б тобы
230-жаттығу.