Информатикадан тест сұрақтары
Сабақ жоспары: PowerPoint бағдарламасында көрмелер (презентациялар) әзірлеу
Пән мұғалімі
Джунаева Зияда Номановна
Сабақ түрі
Ақпараттық сабақ
Әдістер
Сұрақ-жауап, ой қозғау
Жаңа тақырып
PowerPoint бағдарламасында көрмелерді (презентацияларды) жоспарлау, жасау және өңдеу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйрету.
- PowerPoint құралдарын тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
- Бағдарламаның негізгі мүмкіндіктерін түсіндіру және қосымша ақпаратпен білімді толықтыру.
Дамытушылық
- Басқа бағдарламаларды меңгерту арқылы логикалық ойлауды дамыту.
- Өз ойын жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
- Оқушылардың шеберлігі мен тапқырлығын бақылау және дамыту.
Тәрбиелік
- Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа баулу.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
- Информатика пәніне қызығушылық пен оң көзқарасты арттыру.
Көрнекіліктер
- Электрондық оқулықтағы тесттер мен тапсырмалар.
- Ауызша сұрақтарға арналған слайдтар.
- Буклет.
- Топтастыру стратегиясы (плакат).
Техникалық құралдар
- Компьютер.
- Проекторлық аппарат.
- Экран.
Сабақтың барысы
| Кезең | Мазмұны | Уақыты |
|---|---|---|
| I | Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа жұмылдыру. | 1 мин |
| II | Үй тапсырмасын сұрау және тексеру. | 8 мин |
| III | Тест орындау (өзіндік тексеру). | 10 мин |
| IV | Жарнама: 1–3 секундтық ролик дайындау. | 3 мин |
| V | Қорытынды: шығармашылық жұмыс және қорғау. | 15 мин |
| VI | Сабақты пысықтау (топтастыру стратегиясы). | 5 мин |
| VII | Бағалау. | 2 мин |
| VIII | Үй тапсырмасы. | 1 мин |
Үй тапсырмасын тексеру: бақылау сұрақтары
1) PowerPoint қосымшасы қандай қызмет атқарады?
PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтау тиімділігін арттыру үшін көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
2) PowerPoint көрмесі деген не?
Көрме — диафильмге ұқсас, бірақ компьютер, проектор және тиісті бағдарламалық жасақтама сияқты заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен дайындалған слайдтардан тұратын қысқа әңгіме.
3) Көрме неден құралады?
Көрме компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығынан құралады.
4) PowerPoint көрмесін қалай сақтауға болады?
Файл → Сақтау әмірін таңдаңыз. Ашылған Құжатты сақтау терезесінде Файл атауы өрісіне атауын енгізіп, Сақтау батырмасын шертіңіз.
5) Слайд көрсетілімін қандай перне арқылы бастауға болады?
Слайдты көрсету → Көрсетуді бастау әмірін таңдауға болады немесе F5 пернесін басыңыз.
6) Слайдтар неден құралады?
Слайдтар жоба мазмұнын қамтиды және қызықты суреттермен, сызбалармен, сондай-ақ түрлі эффектілермен безендірілуі мүмкін.
Шығармашылық үй тапсырмасы (алдын ала дайындық)
Оқушылар PowerPoint бағдарламасында төмендегі тақырыптардың біріне көрме (презентация) дайындап келеді:
- Менің мектебім
- Менің жанұям
- Түркістаным — Тұраным
- Тәуелсіздік — тұғырым
Тест: өз білімін тексеру
PowerPoint бағдарламасында жұмыс істеу бойынша білімді тест сұрақтары арқылы тексереміз. Оқушылар тестті 10 минут орындайды, соңында компьютер автоматты түрде нәтижені шығарады.
Тест сұрақтары
- PowerPoint бағдарламасы не үшін қолданылады?
- a) Электрондық кестеде есептер жүргізу үшін
- b) Құжатқа мәтін теру және өңдеу үшін
- c) Презентация жасау үшін
- Фигуралық мәтін (WordArt) қалай енгізіледі?
- a) Вид → Рисование → …
- b) Вид → Рисование → …
- c) Вид → Рисование → …
- Слайдтарды реттеу (Сортировщик слайдов) режимінің мүмкіндігі қандай?
- a) Вид → Страницы заметок
- b) Вид → Сортировщик слайдов
- c) Вид → Обычный
- Құрылымдық (Обычный) режимінде не орындалады?
- a) Мәтін енгізу және форматтау
- b) Слайд эскиздерін тізбектей көрсету
- c) Слайдтарға анимация қолдану
- Слайдтарды көрсету режимінің батырмасын көрсетіңіз.
Ескерту: нұсқалар (батырма суреттері) тапсырма парағында/слайдта беріледі.
- PowerPoint бағдарламасына кіру жолын таңдаңыз:
- a) Пуск → Программы → Microsoft Word
- b) Пуск → Программы → Microsoft PowerPoint
- c) Пуск → Программы → Microsoft Excel
- PowerPoint мәзір командаларының басқа Office бағдарламаларынан айырмашылығы:
- a) Данные
- b) Таблица
- c) Показ слайдов
- Презентация құрудың неше жолы бар?
- a) 4
- b) 3
- c) 5
- Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін:
- a) Шаблоны оформления
- b) Цветовые схемы
- c) Эффекты анимации
- Сұрақтар қоя отырып, ең оңай презентация құру үшін:
- a) Бос презентацияны қолдану
- b) Мастер автосодержанияны қолдану
- c) Ұсынылған қалыптарды қолдану
- Мастер автосодержания арқылы презентация құрудың неше жолы бар?
- a) 4
- b) 3
- c) 5
- Фон дизайнын ауыстыру қалай жасалады?
- a) Формат → Замена шрифтов
- b) Формат → Разметка слайда
- c) Формат → Фон
- Үлгілердің түрлері:
- a) Презентация және көркемдеу
- b) Презентация және мәтін
- c) Мәтін және графика
- Шаблондарды қолдану үшін қандай амал орындалады?
- a) Формат → Оформление слайда
- b) Формат → Разметка слайда
- c) Формат → Фон
- Жаңа слайдты қосу үшін қандай амал орындалады?
- a) Вставка → Создать слайд
- b) Вставка → Рисунок
- c) Вставка → Дублировать
Жарнама тапсырмасы
Әр оқушы кез келген затқа PowerPoint бағдарламасында 1–3 секундтық қысқа ролик дайындайды.
Шығармашылық жұмыс (сыныпта)
Видеопроектор арқылы тапсырма беріледі. Оқушылар жұмысты компьютерде 15 минут ішінде орындап, кейін қорғайды: мазмұнын түсіндіреді, қалай көркемдеп-безендіргенін айтып береді.
Тақырыптар
- Paint графикалық редакторы
- Информатикадан тест сұрақтары
- Төртбұрыштар
- Үй жануарлары
Пысықтау: топтастыру стратегиясы
Оқушылар орындарында отырып, төмендегі сұрақтар бойынша тапсырманы орындайды:
- PowerPoint көрмесінің слайдына дайын дыбыстық файлды қандай әмірлер арқылы кірістіруге болады?
- Слайдтағы жекелеген нысандарға «жан бітірім» (анимация) қалай бапталады?
- PowerPoint көрмесі сақталатын файлдың кеңейтімін атаңыз.
- Слайдтарды безендірудің дайын қалыбын (шаблон) қалай қолдануға болады?
- Көрмені ағымдағы слайдтан бастап көрсетуді қандай әмір арқылы іске қосуға болады?
Бағалау
Сабақ барысында белсенділік танытып, тапсырмаларды сапалы орындаған оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Еркін тақырыпта көрме (презентация) жасап келу.
- Венн диаграммасы: PowerPoint және MS Excel бағдарламаларының ерекшеліктерін бөліп көрсету және екеуіне ортақ қасиеттерін табу.
Сабақты қорытындылау.