Аман бол - асыл қарттарым
Аман бол – асыл қарттарым!
Біздің халқымыз ежелден адамгершілікті, инабаттылықты, сыйластық пен сыпайылықты бойына сіңірген. Дуалы сөзі бар, салиқалы ойы терең, от ауызды, орақ тілді дана қарттарды қастерлеу — ұлттың айнымас қасиеті.
Бүгінгі «Аман бол – асыл қарттарым!» атты шағын концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер. Құрметті ата-әжелер, бүгін шырқалар ән де, орындалар би де — бәрі де сіздерге арналады.
I жүргізуші
Үйіңде қартың болса,
Жазулы тұрған хатпен тең.
Үй артында төбе болса,
Ерттеулі тұрған атпен тең.
II жүргізуші
Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа қой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса — дана ғой.
II жүргізуші
Жаңбыр жаумаса — жер жетім,
Қарттары болмаса — ел жетім.
Ұқпаса айтқан сөз — жетім,
Білмесе данасы мен кәрі — жетім.
I–II жүргізушілер (бірге)
Аман бол — асыл қарттарым,
Азаймасын айтпағың!
Қош келдіңіз ортаға,
Сәлем бердік баршаға!