Ананың арашасы
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Мазмұнды өмірмен байланыстыра алады.
Оқушылардың көпшілігі
- Ақпаратты ажыратып, салыстыра алады.
- Ойын жүйелі жеткізе алады.
Кейбір оқушылар
- Идея мен ұсыныс жасай алады.
- Өз сезімдерін нақты әрі мәдениетті түрде білдіре алады.
Күтілетін нәтиже
- Мәтінді оқып, түсінеді және мазмұнын толық жеткізе алады.
- Бір-бірінің пікірін тыңдап, салыстырып, қорытынды шығарады.
- Ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады.
- Сыни ойлау стратегиялары арқылы тіл дамытуға бағытталған тәсілдерді қолданады.
Сабақ барысы
Кіріспе
5 минут- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Психологиялық ахуал орнату: оқушылар «шаттық шеңберін» құрып, жақсы тілектер айтады.
- Топқа бөлу: қораптан түрлі түстердің бірін таңдап, таңдаған түсіне қарай топтарға бөлінеді.
Негізгі бөлім
20 минутМақсаты
Тыңдаушылардың алынған ақпаратты игеру деңгейін тексеру.
Әдісі мен формасы
Топтық және жеке жұмыс.
Негізгі тәсіл
«Алты ойлау шляпасы» әдісі.
«Алты ойлау шляпасы» бойынша тапсырма
Оқушылар мәтін бойынша ойларын жүйелі түрде айтып, пікір алмасады.
Ақ шляпа
Не білдік? Қандай дерек бар?
Сары шляпа
Не жағымды? Қандай пайдасы бар?
Қара шляпа
Не жағымсыз? Қандай тәуекел бар?
Көк шляпа
Неге? Не үшін? Қандай байланыс бар?
Жасыл шляпа
Идея мен ұсыныстар: қалай жақсартуға болады?
Қызыл шляпа
Сезім: жұмыс барысындағы әсеріңіз қандай?
Қосымша материал
Әңгіме: екі ананың арманы
Үлкен қаланың шағын ауруханасында қара шашты және ақ шашты екі ана жатты. Бір күнде ұлдары дүниеге келіп, екеуі де ерекше қуанды. Олар балаларының болашағы туралы армандады.
Ақ шашты ана баласының әйгілі сазгер, жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын қалады. Ал қара шашты ана ұлының ең алдымен қайырымды адам болып өскенін, анасын да, туған үйін де ешқашан ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін тіледі.
Отыз жыл өтті. Қаланың шетіндегі кішкентай емханада қара шашты және ақ шашты ана қайта кездесті. Екеуінің де шашына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір-бірін танып, бір палатаға түсіп, өмірлері, қуанышы мен қайғысы жайлы сыр бөлісті.
Қайғылары — екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Қуаныштары — ұлдары қастарында.
Қара шашты ана сұрады:
— Сенің ұлың кім болды?
Ақ шашты ана мақтанышпен жауап берді:
— Атақты сазгер. Қазір оркестрді басқарады, дирижер. Қаладағы ең үлкен театрда жұмыс істейді. Шынымен менің ұлымды білмейсің бе?
Әрине, қара шашты ана бұл сазгерді жақсы білетін. Жақында ғана оның үлкен табыстары туралы оқыған еді.
Авторлық белгі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы №15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі — Аймаханова Зағипа.
Қосымша тақырыптар
- «Ананың анасы» әңгімесіне қатысты материалдар
- Мақал-мәтелдер
- Салт өлеңдер мен бата-тілек жырлары