Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім
Сейдикеримова А. Қ.
Пән
Әдебиеттік оқу (4-сынып)
Тақырып
Абылай (Арасанбай Естенов), Қабанбай (Қабдеш Жұмаділов)
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Абылай хан мен Қабанбай батырдың суреттері, қару-жарақ бейнелері, интербелсенді тақта

Сабақтың мақсаты

  • Қазақ хандары мен батырлары туралы мағлұмат беру.

  • Абылай хан мен Қабанбай батыр туралы түсіндіру.

  • Өлең мен мәтіндегі негізгі ойды анықтап, ойды жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.

Білімділік

Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде ерлігімен танылған Абылай хан мен Қабанбай батырды таныстырып, ерліктерін насихаттау.

Дамытушылық

Оқушылардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу.

Жаңа сабақ: Ой шақыру

Үш бидің басын біріктірген кім?

Жауап: Абылай хан.

Абылайдың шын аты — Әбілмансұр (1711–1781). Жоңғарлар Түркістан қаласын басып алғанда, ол Ораз есімді құлымен бірге қашып барып, Төле бидің түйесі мен жылқысын баққан.

Ел ішінде «Сабалақ» атанып жүрген Әбілмансұр 15 жасынан бастап жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, Шарыш батырды жеңгені айтылады.

1771 жылы Абылай үш жүздің ханы болып сайланды. Қырғыз-қазақ арасындағы қақтығыстар күшейген кезеңде ол ықпалды манаптардың балаларын алып, Көкшетау өңіріне қоныстандырып, кейін екі ел арасында бейбітшілік орнатуға ықпал етті.

Деректерде Абылайдың 30 ұлы, 40 қызы болғаны айтылады. А. Бөкейханов «Қырғыздар» атты еңбегінде орыс казактары арасында да «Абылайлап» ұрандау кездескенін жазады. Кейбір естеліктерде Сібір казак-орыстарының да балаларын орыс-жапон соғысына (1904–1905) аттандырғанда «Абылай! Абылай!» деп ұрандағаны айтылады.

Абылай ханның арғы тегі Шыңғыс ханнан тарайды. Үш жүздің басын қосқан хан Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді батырлардың ерлігіне сүйенді.

Биыл қазақ хандығының неше жылдығын атап өтеміз?

Жауап: Қазақ хандығының 550 жылдығы.

Оқулықтағы шығармалар:

  • «Абылай» — Арасанбай Естенов
  • «Қабанбай» — Қабдеш Жұмаділов

Назар аударатын негізгі ой

Бұл сабақта тарихи тұлғалар туралы мәтін мен өлеңнің негізгі идеясын табу, дәлелдеп айту, сондай-ақ ойды ретімен, жүйелі түрде баяндау дағдыларына басымдық беріледі.