Қостанай сұлу қала

Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы (І сынып)

Бұл материал І сынып оқушыларына арналған. Тапсырмалар дыбыс пен әріп, дауысты/дауыссыз дыбыстар, буын, сұрақтарға жауап беретін сөздер және бас әріппен жазылатын сөздер тақырыптарын бекітуге көмектеседі.

Оқу бағыты

Сөз, дыбыс, әріп, сөйлем; буын; грамматикалық сұрақтар; емле

Жұмыс түрі

Диктант, астын сызу, буынға бөлу, дыбыстық талдау

І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер

Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар

Сөздер (10 сөз)

Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.

Сөздер (10 сөз)

Мүйіз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.

ІІ. Дауыссыз дыбыстар

Тапсырма: дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар

Сөздер (12 сөз)

Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.

Сөздер (20 сөз)

Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.

ІІІ. Сөздерді буынға бөлу

Тапсырма: сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, схемасын сызыңдар)

Үлгі

Айгүл, алма, доп.

Сөздер

Жолбарыс, балық, домбыра, терезе, ат, айна, дәрігер, әже, көкек, дұрыс.

Сөздер (10 сөз)

Алмұрт, шелек, піл, айран, сағат, бор, торғай, күн, май.

IV. Дауысты дыбыстар

Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар

Сөздер (15 сөз)

Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.

Сөздер (15 сөз)

Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.

Сөздер (10 сөз)

Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.

V. «Кім?» «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздер

Тапсырма: «Кім?» «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді белгілеңдер

Сөздер (15 сөз)

Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.

Сөздер (20 сөз)

Қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.

VI. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер

Тапсырма: «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар

Мәтін (14 сөз)

Ерлан жақсы оқушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.

Мәтін (18 сөз)

Түлкі — сұлу аң. Ол таулы жерде жүреді. Түлкі қызыл түсті болады. Оның терісі бағалы. Менің ойыншық түлкім бар.

Мәтін (17 сөз)

Ертіс — өзеннің аты. Ертіс терең, әдемі өзен. Ертісте кеме жүреді. Өзеннің суы өте суық. Мен Ертісті көрдім.

VII. Бас әріппен жазылатын сөздер

Мысалдар

Тіркестер (16 сөз)

  • Астана — бас қала
  • Абай даңғылы
  • Пушкин көшесі
  • Тобыл өзені
  • «Қазақ тілі» газеті
  • Алматы қаласы
  • Қостанай облысы

Тіркестер (14 сөз)

  • Алтынсарин мұражайы
  • Қостанай қаласы
  • Әулиекөл ауданы
  • Халық әртісі — Роза Рымбаева
  • Ақылбек Шаяхметов — ақын
  • «Балдырған» журналы

Мәтін (12 сөз)

Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай — сұлу қала. Қаланың көшелері кең. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.

Тапсырма

Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.

VIII. «Не істеді?» сұрағына жауап беретін сөздер

Сөйлемдер (18 сөз)

Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.

Көктем (21 сөз)

Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жақсы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.

Мектеп (20 сөз)

Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.

Менің әжем (20 сөз)

Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы — менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.

Тапсырма

Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Қайрат (19 сөз)

Қайрат — оқушы. Ол жақсы оқиды. Кітап пен дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.

Тапсырма

«Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Саулық пен сымбат (14 сөз)

Денсаулық — зор байлық. Денi сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам — спортшы. Ол ауырмайды.

Тапсырма

«Сымбатты» сөзін буынға бөліңдер.

Жинақты жүктеу

Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағын жүктеу үшін мектептің/мұғалімнің ұсынған сілтемесін пайдаланыңыз.