Отбасының қорғаны кім

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Жанар Қайратовна

Тақырыбы: «Менің отбасым» Сабақ жоспары Тәрбиелік бағыт

Мақсаты

1) Отбасы туралы түсінікті кеңейту

Отбасы мүшелерінің өмірдегі орнын таныту, «отбасы — әр адамның шағын Отаны» екенін ұғындыру. Әке-шеше мен бауырдың қадірін түсіндіру.

2) Адамгершілікке баулу

Балаларды ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін бағалауға, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу. Үлгі арқылы жақсы қасиеттерді бойына сіңіру.

3) Сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту

Ата-анаға деген құрметті күшейту, сыйластыққа, мейірімділікке, татулық пен қамқорлыққа үйрету.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық ахуал

Жылы атмосфера құру

  • Баяу әуен қойылады.
  • Интерактивті тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.
  • Оқушылар бір-біріне ізгі тілек айтады.

Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шығу

  1. Түсі нарттай, тілін тартпай, жолға шықса, қоймайды құртпай.
  2. Мемлекеттік рәміздің бірі.
  3. Еңбек құралы.
  4. Ең жақын адам.
  5. Уақыт өлшемі.
  6. Ырыс алды — ...

Жұмбақ (туыстық атаулар)

Маған да, саған да жақын туыс — бес адам.

Үш әріптен тұрады: оңға оқы, солға оқы — өзгермейді.

Бәрі де өз жұратың. Айтшы, кімдер?

апа ата ана іні аға

Отбасы тақырыбындағы жұмбақ сұрақтар

1) Балдан тәтті не?
Бала.
2) Қара шаңырақ иесі кім?
Кенже ұл.
3) Балаға кім сыншы?
Ата.
4) Үйдегі алтын адам кім?
Ана.
5) Ұлдардың кішісі кім?
Іні.

2) Кіріспе әңгіме: «Отбасы» ұғымы

Балалар, байқағандарыңдай, сөзжұмбақ та, жұмбақ та туыстық пен отбасы тақырыбына құрылды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Менің отбасым».

Отбасы дегеніміз не?

Отбасы — ата, әже, әке, ана, аға-әпке, іні-қарындас секілді ең жақын жандардан құралған орта. Ол — әр адамның мейірім мен тәрбие алатын алғашқы мектебі.

Отбасының ортақ құндылықтары

  • Отбасының басшысы шаруаны ұйымдастырып, мүшелерін бірлікке ұйытады.
  • Әркім өз шамасына қарай еңбек етеді: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасына көмектеседі.
  • Маңызды шешімдер ақылдасып қабылданады.
  • Табыс — ортақ, қажеттілікке сай жұмсалады.

Отбасы — шағын қоғам

Отбасы туыс-жекжатпен қарым-қатынасты да реттейді: қонаққа шақыру, тойда қолдау көрсету, ауырып қалған жанға жәрдем беру, ер жеткендерді үйлендіру сияқты дәстүрлі міндеттер адамгершілік парызды күшейтеді. Мейірімді жанға әрдайым сенім артады, ал қажет кезде өзі де көмек көреді. Осылайша отбасы қоғамның кішкентай үлгісі ретінде қызмет атқарады.

Құқықтық негіз

Отбасыға қамқорлық — мемлекет үшін де маңызды міндет. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында екені көрсетілген.

Терминдер мен түсініктер

  • Отбасыны «жанұя», «шаңырақ» деп те атайды.
  • «Отбасы» сөзі «ошақ қасы» ұғымымен де астасады.
  • Отбасы екіге бөлінеді: шағын және үлкен.

Отбасы түрлері

  • Шағын отбасы

    Ата-ана және бала-шағамен бірге тұратын отбасы.

  • Үлкен отбасы

    Ата мен әжесі бар, бірнеше буын бірге тұратын отбасы.

Негізгі ой

Отбасы — әр адамның шағын Отаны, келешек ұрпақтың негізі және қоғамның бір бөлшегі. От бар жерде — өмір бар.

3) «Мен ата-анаммен мақтанамын!» таныстырылымы

Оқушылар өздері дайындаған слайдтар, фотосуреттер немесе шағын әңгіме арқылы отбасы мүшелерін таныстырып, өз отбасы туралы ой бөліседі.

4) «Папа» және «мама» сөздерінің шығу төркіні

«Папа» және «мама» сөздері қазақ тіліне кейінірек кіргенімен, бүгінгі күні жиі қолданылады. Кей адамдар оларды тек орыс тілінен келген деп қабылдап, «қазақылыққа жат» деп бағалайды. Алайда қоғамда көзқарас әртүрлі болуы — табиғи құбылыс.

«Папа» сөзі

«Папа» атауы көне гректің papas және латынның papa сөздерімен байланысты. Католик дәстүрінде ең жоғары діни қызметкер «Папа» деп аталады (мысалы, Рим Папасы). Бұл сөз қазақ тіліне орыс тілі арқылы жеткенімен, түп-төркіні латын тіліне барып тіреледі. Әлемнің көптеген халықтары әкені «папа» деп атайтыны да осының дәлелі.

«Мама» сөзі

«Мама» сөзі латынша mamma (мағынасы: әйелдің емшегі) сөзінен тарайды. Яғни ананы — баласын емізіп, аялап өсіретін жан ретінде атаудан туған.

Тілдік мәдениет туралы ой

Қазақ тілінде әке, ата, ана, шеше сияқты төл атаулар бар. Әке-шешені «әке», «ана» деп атау — ана тіліміздің қадірін арттырады. Сонымен бірге «папа», «мама» деген балаларды кінәлау орынсыз: бала тілінің қалыптасуына ең алдымен ата-ана жауапты. Маңыздысы — атауды қалай айтсақ та, құрмет пен мейірімнің жоғалмауы.

Ескерту: Қазақ тілінде «мама бие» тіркесі де кездеседі (жасы үлкен, сүтті биелерге қатысты қолданыс).

5) Ойын кезеңі: «Сиқырлы шарлар» тапсырмалары

Оқушылар ауызша жауап беретін сұрақтар арқылы отбасы құндылықтарын нақтылайды.

1) Отбасының қорғаны кім?

2) «Шаңырақ» сөзін қалай түсінесің?

3) Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеген кім?

4) ... не отбасынан басталады.

5) Әкеден балаға берілетін зат қалай аталады? (мұра)

6) Ұлдардың үлкені кім?

7) «Нағашы жұрт» деген кімдер?

8) «Жезде» деген кім?

6) Отбасы туралы өлең-жыр

Сабақ соңында оқушылар отбасы құндылықтарын жыр жолдары арқылы бекітеді.

Бір күн бар — жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар — мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім?!

Отбасыға арналған шумақ

Ана — жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана — шуақ шашатын таң екенсің.

«Ана — өмір, ана — бақыт, ана — жүрек»

Ана туралы жыр жолдары