Кірпі мәтінін сахналау
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы
П дыбысы мен әрпі
Сабақ түрі
Қайталау сабағы
Жалпы мақсаты
- П дыбысы мен әрпін және оған қатысты жаңа сөздерді оқып, жазып үйрену.
- П дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ұғыну.
- П әрпінің жазылуын меңгеру.
Күтілетін нәтижелер
- A) Дыбыс пен әріпті ажыратады және П дыбысының дауыссыз екенін түсінеді.
- B) П әрпінің жазылу емлесін меңгереді.
- C) П дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқуды және жазуды игереді.
Тапсырмалар форматы
Керекті жабдықтар
- Интербелсенді тақтадағы таныстырылым
- Дидактикалық материалдар
- Ойындар
- Суреттер
Кіріспе
Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Топқа бөліну
- Психологиялық дайындық
Ширату өлеңі
Біз ақылды баламыз,
Бар білімді саламыз.
Маңыз беріп оқимыз,
Сауат ашу сабағын.
Тұсаукесер: өткенді еске түсіру
Өткен әріптер
А О Р Л Ш С У У Ы Д Т М Н Ң Ғ Ж І Ә Ө Қ К Е Б И Й Г З Ұ Ү П
Сұрақтар
- Өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
- П қандай дыбыс?
- Неліктен оны дауыссыз деп ойлайсыңдар?
Саяхатқа шақыру
«Сиқырлы әріптер мен сөздер әлеміне» саяхат жасайық: П дыбысына қатысты сөздер айтайық.
Топтық жұмыс: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
I топ
Шашылған әріптер
л, п, е, ә, п, і
II топ
Артық сөзді тап
парта, пәтер, бала, пішін, піл, пияз
III топ
Орныңды тап
па, қап, по, пе, доп, пі, шөп, пә
IV топ
Буындық лото
та, кі, пер, тап, де, пар
Еске түсіру
- Өткен сабақта қандай мәтінмен таныстық?
- «Әріптер» өлеңін жатқа айту.
Жазылым және бекіту
Сұрақ-жауап
П әрпінен басталатын сөздер бар ма? Мысалдар келтірейік.
Дәптермен жұмыс
- П әрпінің жазылу элементтерімен танысу.
- Тақтада мұғалімнің жазуын бақылау.
- Ауада жазып жаттығу.
Топпен жұмыс
I топ
Сөздік жұмыс
П дыбысынан басталатын сөздер жазу.
II топ
Сөздік жұмыс
П дыбысына аяқталатын сөздер жазу.
III топ
Көрнекілікпен жұмыс
П дыбысы бар суреттерді іріктеп, жапсыру.
IV топ
Шығармашылық тапсырма
«Кірпі» мәтінін сахналау.
Автор туралы
№30 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Шаймарданова Шынар Сағындықовна.