Білімдік мақсат

Білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар

Бұл сабақ толеранттық ұғымын терең түсіндіруге, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және Абай мен Шәкәрім идеяларының үндестігін көркем мәтіндер арқылы зерделеуге бағытталған.

Білімдік мақсат

  • Толеранттық ұғымының мәнін терең ашып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
  • Сөздік қорын байытып, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
  • Абай мен Шәкәрім идеяларының өзара сабақтастығын ой елегінен өткізе отырып, көркем шығармалар мазмұнын меңгерту.

Тәрбиелік мақсат

  • Полимәдени білім мен тәрбие арқылы мәдени-танымдық құзыреттіліктің қалыптасуына ықпал ету.
  • Рухани келісімге, өз халқының тағылымын және әлемнің мәдени көптүрлілігін құрметтеуге, толеранттық идеяларын қабылдауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

  • Ақпаратты өздігінен меңгеру, талдау және интерпретациялау білігін жетілдіру.
  • Шығармашылық қиялды, ой-өрісті дамыту; ұғымдар арасындағы байланысты анықтау, жалпыдан жалқыны бөліп алып, соған сай ой тұжырымдау дағдысын қалыптастыру.

Сабақ ресурстары мен ұйымдастыру формасы

Әдіс-тәсілдер

Ізденушілік, зерттеушілік, көрнекілік, сөздік әдістер және СТО (сын тұрғысынан ойлау) стратегиялары.

Техникалық құралдар

  • Теледидар
  • Бейнетаспа
  • Магнитофон
  • Үнтаспа

Әдеби материалдар

Абай мен Шәкәрімнің өлеңдер жинағы.

Көрнекі құралдар

  • Сызбанұсқалар
  • «Нағыз адам» моделін суреттейтін тірек-сызба
  • Кеспе қағаздар
  • Абай мен Шәкәрім портреттері

Оқыту формасы

Жеке, жұптық, үштік, төрттік, алтылық және ұжымдық жұмыс.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру: психологиялық тренинг

Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдайды. Әр түс көңіл күй мен ішкі күйді шартты түрде білдіреді:

Қызыл

Көтеріңкі көңіл күй.

Көк

Тыныштық, қанағаттану, сенімділік, шыншылдық.

Жасыл

Өзіндік бағасы жоғары; еркіндік пен мақсаттылықты ұнатады; өзіне көңіл бөлінгенін қалайды.

Сары

Көңілділік, ұстамдылық және жеңілдік.

Қоңыр

Психологиялық қолайсыздық белгісі.

II. Сабақ тақырыбына кіріспе

Теледидардан атыс-шабыс, зорлық-зомбылық сияқты көріністер көрсетіледі (2 минут).

Нұсқаулық

Егер көріністер ұнаса, жасыл карточканы көтереді; ұнамаса, қызыл карточканы көтереді (яғни «тоқтат» деген белгі).

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Экрандағы көріністер сіздерге қалай әсер етті?
  • Қатігездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындау себебі неде деп ойлайсыздар?
  • Осы мәселелерді болдырмау үшін қоғам мен жеке адам қандай қадамдар жасай алады?

Оқушылардың пікірлері тыңдалып, жауаптар сабақтың негізгі ұстанымдарына бағытталады.