Болашаққа жол бастап, Әліппе келді ортаға
Мақсаты
Әліппе оқулығынан алған білімнің — барлық білім мен ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру.
Оқушылардың оқу-білімге белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыстың нәтижесіне жетуге дағдыландыру.
Негізгі ой
Әліппе — білімге бастайтын алғашқы баспалдақ.
Құндылық
Еңбек, ынта, бірлік арқылы нәтижеға жету.
Қатысушылар
Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және қонақтар.
Барысы
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
«Қош, сүйікті Әліппем!» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Кішкентай ақындар шеруі
Ортаға кішкентай ақындарымызды шақырамыз:
Жаннұр
Жайраңдаған, білімге құмар.
Нұрай
Шуақты, сымбатты, сөзі тәтті.
Гүлнұр
Көп оқитын, көп тоқитын.
Ильяс
Дос қадірін білетін, өнерге жақын.
Елдар
Тентектігін тыйып, тәртіпке ұмтылатын.
Бағдәулет
Өнерлі, зерделі, алғыр.
Диляра
Әжесінің еркесі, ізденімпаз.
Асанали
Сабырлы, салмақты.
Ерзат
Мамасына қолғанат.
Арсен
Кең маңдайлы, алға ұмтылған.
Мирас
Жақсылықты жақтайтын, бәрін жаттайтын.
Жанерке
Зерек, зейінді, кішіпейіл.
Әсет
Есепке жүйрік, талапты.
Ажар
Билейді, өнерін паш етеді.
Данияр
Спортқа жақын, сурет салуды ұнатады.
Еркежан
Балдай тәтті, өнерлі.
Досжан
Қиқарлықты қойып, түзелуге ұмтылады.
Әлинұр
Жарқын жүзді, білімге құштар.
Айша
Сәулелі, сымбатты, сөзі мәнді.
Елнұр
Тәртіпті, айтқан тілді алатын.
Дамир
Үздік оқуға ұмтылатын.
Алуа
Шуағын шашып жүретін.
Алишер
Сөзі тәтті, қылығы сүйкімді.
Мұғалімнің тілегі
Өсті, міне, бойларың,
Өсті, міне, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Дикторлар сөзі
Батырхан
Кешегі сәби балаң — қараңыз! Ғылым-білім жолына енді қайық саламыз.
Барлығы
Алғаш мектепке келгенде әріпті де білмеп едік. Ертегіні оқып жүрміз — үйреткені Әліппе!
Алуа
Оқуды көп ойладық, қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, сауат аштық — тойладық!
Жанерке
Бар білімнің бастауы — Әліппе. Үйренуге талпынып, құлшынып өстік.
Дамир
«Әліппе» атты кемемен білім мұхитын кеземін.
Аруана
Әліппе даңғыл жол ашты, жаңа пәндер жалғасты. Рахмет, алғашқы ұстаз!
Енді ортаға сүйікті кейіпкеріміз — Әліппені шақырамыз.
Әліппенің сөзі
Армысыңдар, жас достар! Армысыздар, ата-аналар!
Болашаққа жол бастап, Әліппе келді ортаға. Білім деген ғажайыптың әліпбиін меңгерген келешек — сендерден басталады.
Музыкалық сәт
Әліппеге арналған ән орындалады.
«Әріптердің сыры» (өлең-диалог)
Арсен: Әріптердің тойында әркім құмар ойынға. Әріптер сыр ашады, әсем биге басады.
Еркежан: Алфавиттің А тұрады басында, әрқашанда Ә тұрады қасында. Байқадың ба, Б тұрады үшінші — осының сыры неде, түсінші?
Елнұр: А — аналар ғой ардақты, Ә — әкелер ғой салмақты. Б — балалар ғой әдемі, біздің елде үшеуі де қадірлі.
Әлинұр: Сондықтан да расында, тұрады олар алфавиттің басында.
Би
Қазақ биі «Ұлытау» (орындайтын: Бахчанова Ажар).
Сахналық қойылым: «Жұмыла оқысақ — жеңіл»
Кейіпкерлер: аю, түлкі, қоян, тиін, тышқан, Әліппе және балалар.
Аю
Бұл қай жер? Түсінбедім! Мыналар не, әріптер ме? Қап, оқи алмаған қандай жаман...
Түлкі
Сәлеметсің бе, аю! Кел, екеуміз бірге оқиық. Мен де оқығым келеді.
Қоян
Сәлеметсіңдер ме, достар! Олай болса, бірге оқиық — мен де оқығым келеді.
Тиін
Барлығың жиналыпсыңдар, не істемексіңдер? Онда бірігіп оқиық.
Тышқан
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Бірге оқиық!
Аю, түлкі, қоян, тиін, тышқан әрқайсысы сөзді әртүрлі оқып, дауласады.
Аю
«Бал» шығар.
Түлкі
«Тауық» шығар.
Қоян
«Сәбіз» шығар.
Тиін
«Жаңғақ» шығар.
Тышқан
«Қандай сөз?»
Әліппе
Неге дауласып жатырсыңдар, достарым? Оқи алмасаңдар, балалардан сұрамадыңдар ма?
Балалар, сендер Әліппені оқып бітірдіңдер. Олай болса, аңдарға көмектесейік.
Балалардың жауабы
Мек-теп.
Әліппе түсіндіреді
Мектеп — балалар оқып, білім алатын орын. Қазір сендер мектептесіңдер. Бүгін 1 «Ә» сыныбында алғаш кітап — Әліппемен қоштасу салтанаты өтеді.
Әліппенің қоштасу сөзі
Ұстаздар мен балалар, аталар мен аналар — танысыңдар досыммен, достасыңдар осымен.
Бүгін мен аттанғанда, Ана тілін таныңдар.
Олай болса, өзімнің досым — «Ана тілі» оқулығын шақыруға рұқсат етіңіздер.
«Ана тілі» оқулығының сөзі
Армысыздар, ағайын! Қош келіпсіз, баршаңыз!
Алтын күздің сыйындай құтты болсын қуаныш!
Құтты болсын мерекең, құтты болсын тойларың!
Ән
Мектеп туралы ән орындалады.
Өлең
Қош болып тұр, Әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың.
Үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге: «Кірпіш болып қаланғайсың».
Ойындар мен қорытынды
Ойын
«Шыршаны безендіру».
Қорытынды ән
Отан туралы әнмен аяқталады.
Ән шашу
Әжелер шашу шашады.
Соңында ата-аналар құттықтау сөздерін айтады.