Болса дағы көңілім қанша жарым, Білінбейді солармен шаршағаным

Мақсат және мазмұн

Негізгі мақсат

Оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылыққа бейімдеу. Халықаралық химия жылы мен Қазақстан өндірісінің дамуы туралы кеңінен мағлұмат беру, сондай-ақ экологиялық тәлім-тәрбие қалыптастыру.

Көрнекіліктер

  • Химия және экология тақырыптарындағы бейнематериалдар
  • Ауылымыздағы химиялық өндіріс туралы бейнеүзінділер
  • Слайдтар мен иллюстрациялық материалдар

Іс-шара құрылымы

  1. 1 Апталық жоспарымен таныстыру
  2. 2 Пәндер бойынша оқушы тақпақтары
  3. 3 Бейнематериалдар: жетістіктер, экологиялық мәселелер және жергілікті өндіріс

Пәндер бойынша оқушы тақпақтары

Төмендегі өлеңдер мен арнаулар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, адамгершілік құндылықтар мен табиғатқа жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталған.

Өзін-өзі тану

«Аңса, жаным»

7-сынып оқушысы: Мұрат Ақерке

1) Мен тілеймін, жарқыным, сен де тіле, орнасын да жақсылық жер бетінде. Аққу тіле айдынның келбетіне, айдын тіле аққуды тербетуге.

2) Мен аңсаймын, сен де аңса, жаным, жайлап ескен жақсыдан жан самалын. Аңса, жаным, зарығып шарша, жаным, қанша ғұмыр қалса да, қанша амалың.

3) Мен сағынсам, сен де сағын, жаным, тек жақсылық адамнан табылғанын. Алакөзсіз, ашусыз бауырлардың алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.

4) Болса да көңілім қанша жарым, білінбейді солармен шаршағаным. Жайлап ескен жақсыдан жан самалын, аңса, жаным, жабықпай аңса, жаным.

«Жақсы адам көңілі — күн»

8-сынып оқушысы: Әбдіқайым Қасым

Жақсы адам көңілі — күн, жанға сәуле түсірген. Нашар адам көңілі — түн, кеудеден отты өшірген.

Талпын жақсы болуға, күндей сәуле шашатын. Білім іздеп, өнер тап, түнді күндей ашатын.

Толған айдай жан болсаң, толсын ақыл ішіңе. Күн көзіңдей жан болсаң, ел сүйсінсін ісіңе.

Ақыл қуған адаспас, ақылда, дос, бар тетік. Қапта жатпас таза алмас, шығар бір күн жарқ етіп…

«Сенім»

8-сынып оқушысы: Дігәрбек Еңлік

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін!

Ақыл-санам, білімім мен өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет — адамдыққа сенемін!

Биология

Табиғат туралы толғаныс

Табиғаттың құпиясы — тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік. Білген сайын сырын оның жүреміз, жүректерге өшпес жалын, нұр құйып.

Табиғаттың қадірлеп қасиетін, әділдікке әрқашан бас иетін. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» — халқың айтқан орынды өсиетін.

Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ: досың — жер, су мөлдір, өсімдік. Ала жүріп осылардың сыйлығын, осыларды қорлау деген не сұмдық?

Жер ешкімге жазбайды деп арызды, барын сарқып ала беру парыз ба? Жоқ, замандас, әр ұрпаққа туған жер — не берсе де, беретіні қарызға.

Табиғатым, сырың терең — неткен кең: тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен. Күн көзінен күмістей шағылған нұр, көз алдымда көк орай гүлді кезең.

Кең даламда шертілген сыбызғы үні, тебіренген бар тіршілік, аспан нұры. Құстар да қылықтап жан тербеген — о, табиғат, не деген керемет ең!

Сенің әсем бейнеңнен әсер алам, ағаштарың әдемі бұралған. Бар керемет қасиет сенен екен — әрқашан да боламын саған қорған.

О, табиғат, сырың да терең екен, тұнып тұрған қойнауың — өлең екен. Қанымдағы қасиет сенен екен, не деген керемет ең, керемет ең!

Химия

1) Периодтық жүйеге арнау

Элементтерді жүйелеуге талай ғалым еңбек еткен, ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.

Заманында бар элементті топқа бөліп, заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен.

Ол заңмен жеті период орналасқан, тігінен сегіз топқа арна ашқан. Толтырып сол арнаның бос орнын, бұл күнде элемент саны жүзден асқан.

Жүрмейсің мұны біліп қате басып: атомдар жұмбақтарын тұрады ашып. Бар элемент таңбасы осында тұр, сап құрап массаға сай қатарласып.

2) Химияны оқу — парыз

Химияны оқу — әркімге парыз: оқиды оны барлық елде, әр тілде. Химияның оқыңдар әр бөлімін — кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен: кездесер ол күнделікті өмірден. Ақылымыз — химияны біліңдер, тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Химияның әлемі қызық әрі тартымды, өз сырымен химия қызықтырар әркімді. Оқысаңдар ғылымға көз ашып, танысыңдар табиғаттың ғажабын.

3) Химия — болашаққа бағыт

Химияда болады көп ертегі, салт-дәстүрмен жалғасқан ертелі. Химия — біздің жас кеме ғой, болашаққа бағытталған желкені.

Күшейтеміз химияның сапасын — берер бізге болашақ ақ батасын. Ғылымдардың негізгі бір саласы — химиямыз мәңгі-бақи жасасын!

Бейнематериалдар бөлімі

Тақырыптар

  • Қазақстанның химия саласындағы жетістіктері
  • Экологиялық проблемаларды шешу жолдары
  • Ауылымыздағы химиялық өндіріс және оның маңызы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар химияның күнделікті өмірмен байланысын нақты мысалдар арқылы түсініп, өндіріс пен экологияның өзара ықпалы туралы ой қорытады. Сонымен қатар табиғатты қорғауға қатысты жауапкершілік көзқарасы нығаяды.