Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Пән
- Ана тілі (2-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Бала Мұхтар мен Абай
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Ой қозғау, түсіндіру, хабарлау, көрнекілік, интервью, ізденушілік.
- Көрнекіліктер
- М. Әуезов пен А. Құнанбаевтың портреттері, интерактивті тақта.
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, бейнелеу өнері, әуен.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Абай мен Мұхтар туралы мәлімет беру.
- Мәтіндегі негізгі ойды түсіндіру.
- Түсінгенін қысқа әрі нақты әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету.
- Қиялын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру.
- Сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік
- Абайдың нақыл сөздері мен азаматтық бейнесі арқылы үлгі-өнеге алуға баулу.
- Өз ойын анық айтуға және достарының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
- Ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, хормен төмендегі жолдарды айтады:
«5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз».
II. Үй тапсырмасын тексеру
а) Үй тапсырмасын нақтылау
- Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесін түсініп оқу, мазмұнын айту.
- Мәтіндегі ұнаған көріністердің біріне сурет салып келу.
ә) Мәтін бойынша сұрақтар
- Табиғатты суреттеп бер.
- Әуез қарт қайда бармақ болды?
- Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?
- Абай ауылында Мұхтар нені ерекше қызыға бақылап жүрді?
б) Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың салған суреттері бағаланып, ең үздік жұмыстар тақтаға ілінеді.
III. Интервью
- Мұхтар неге ойнамады? (Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.)
- Сен қандай ойын ойнайсың?
- Ұлттық ойындарды ата.
IV. Оқулықпен жұмыс
Сөзжұмбақ шешу
- Көктемде ненің шуағы молаяды?
- Төлдер қайда асыр салып жүр?
- Жер бетін қандай кілем жапқан?
- Қаңқылдаған қаздар қалай ұшып барады?
- Қаздар қайда қонады?
- Аспан қандай?
Сөзжұмбақтан шығатын сөз: Көктем
«Көктем» сөзіне байланысты топтық тапсырмалар
I топ
Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары.
II топ
Көктемде атқарылатын жұмыстар.
III топ
Көктем туралы өлең.
V. Жаңа сабақ
Бүгін біз белгілі жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» атты мәтінімен танысамыз.
1) Мәтінді мәнерлеп оқу
Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды, кейін оқушылар тізбектеп оқиды.
2) Мағынасын тану (суретпен жұмыс)
Сурет бойынша талқылау жүргізіледі.
- Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Абай Мұхтарға неге көңіл аударды?
- Ол туралы қандай көзқараста болды?
- Абай қандай бата берді?
- Атасы не деп сыбырлады?
- Абай неге риза болды?
Қорытынды белгі
Мәтіннің соңындағы «Бала Мұхтар мен Абай» бөлімін жүктеу (мұғалім нұсқауына сәйкес).