Манат өте жақсы достар

1-сынып

Қысқа, түсінікті мәтіндер арқылы сөздік қорды дамытуға арналған тақырыптар.

Менің үйім

13 сөз

Бұл — менің үйім. Менің үйім әдемі. Үйдің терезелері үлкен. Терезенің алдында гүлдер бар.

үй терезе гүл

Көктем

15 сөз

Көктем келді. Жылы жақтан құстар ұшып келді. Бәйшешек пен қызғалдақ көп шықты. Мен анама гүл сыйладым.

көктем құстар гүлдер

Достар

15 сөз

Жанат пен Манат — өте жақсы достар. Екеуі бір сыныпта оқиды. Жанат пен Манат ақылды балалар.

дос сынып ақыл

2-сынып

Ұзындау сөйлемдермен ойды жүйелі жеткізуге арналған күнделікті тақырыптар.

Отбасы

22 сөз

Менің отбасым үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар. Әкем мен шешем қалада жұмыс істейді. Ағам төртінші сыныпта оқиды. Мен екінші сыныпта оқимын.

Негізгі ой

Отбасы мүшелері және олардың ісі.

Тілдік үлгі

«Отбасымда … адам бар»

Менің досым

21 сөз

Менің досымның аты — Марат. Ол мейірімді әрі ақылды. Мінезі жақсы, ата-анасына көмектеседі. Бос уақытында сурет салады және футбол ойнайды.

мейірімді ақылды көмектесу

Киімдер

20 сөз

Киімнің түрлері өте көп. Оларға бас киімдер, сырт киімдер және аяқ киімдер жатады. Бас киімдердің тақия, тымақ, бөрік, сәукеле сияқты түрлері бар.

Мысалдар

  • Бас киім: тақия, тымақ, бөрік, сәукеле
  • Сырт киім
  • Аяқ киім

Сүйікті іс

22 сөз

Мен бос уақытымда сүйікті ісіммен айналысамын. Менің сүйікті ісім — сурет салу. Аптасына бір рет табиғатқа шығып, сурет саламын. Суретім өзіме ұнайды.

Қашан?

Бос уақытта

Қаншалықты жиі?

Аптасына 1 рет

Не?

Сурет салу

Ойыншықтар дүкені

21 сөз

Біздің қалада ойыншықтар дүкені өте көп. Ең үлкен дүкен орталықта орналасқан. Онда неше түрлі ойыншықтар бар. Мен үлкен қонжық сатып алдым.