Отбасы мүшелерін топтастыру

Тақырыбы: «Менің анам»

Бұл сабақ жоспары 1-сынып оқушыларына арналған. Негізгі мақсат — тыңдалған материалдың мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсіну, сурет бойынша 2–3 сөйлеммен ойын білдіру, таныс сөздердің мағынасын ажырату және қарапайым сұрақтар қоя білу.

Оқу мақсаттары

  • 1.1.4.1 — Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материалдың не туралы екенін түсіну.
  • 1.2.2.1 — Сурет бойынша 2–3 сөйлеммен ойын білдіру.
  • 1.3.2.1 — Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
  • 1.3.4.1 — Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.
  • 1.5.1.5 — Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
  • 1.5.1.2 — Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор және тақырыпқа байланысты тірек сөздер: әдемі, күшті, ақылды.

Алдыңғы оқу

«Доп лақтыру» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау және сөздерді үш тілде айту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

«Ақылды», «әдемі», «күшті» сөздерін отбасы мүшелерін сипаттауда қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі

Сұрақтарға жауап бере алады және отбасы мүшелерінің атын атай алады.

Кейбір оқушылар

Отбасы мүшелерін сипаттауда қосымша сөздерді орынды қолдана алады.

Сабақтың барысы

Басы: Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбері

Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн, Жер-ана!
Қайырлы күн, достарым!

Сабақ мақсатымен таныстыру

Мұғалім сабақтың мақсаттарын хабарлайды және оқушылардың назарын тақырыпқа аударады.

Тыңдалым үлгісі (үнтаспа):

«Менің анам әдемі.»
«Менің әкем ақылды.»

Осы үлгі арқылы оқушылар «әдемі» сөзін еске түсіреді және «ақылды», «күшті» сөздерімен танысады.

Критерий

Тыңдаған материалдан «кім?», «не?» екенін түсіну.

Дескрипторлар

  • Сөздерді атай алады.
  • Сөздерді басқа отбасы мүшелеріне қатысты қолдана алады.

ҚБ

«Бағдаршам» әдісі.

Түсіну: 2-тапсырма (кестемен жұмыс)

Оқушылар кесте арқылы аға–әпке, іні–қарындас туралы «бар/жоқ» екенін айтып үйренеді.

Критерий

Отбасы мүшелеріне қатысты «бар/жоқ» екенін айту.

Дескрипторлар

  • Аға–әпке, іні–қарындасты ажырата алады.
  • Тәуелдік жалғауын қолдана алады.

ҚБ

«Бас бармақ» әдісі.

Түсіну: 3-тапсырма («Дара құты» әдісі)

Мәтін бойынша әр топ отбасы мүшелері тақырыбында постер дайындап, қорғайды.

Критерий

Отбасы мүшелерін топтастыру.

Дескрипторлар

  • Суреттерді пайдаланып, отбасы мүшелерін ажыратады.
  • Сөздерді жатқа қайталайды.
  • Мәтіндегі сөздерді түсінеді.

ҚБ

«Жұлдызша» әдісі.

Қолдану: 4-тапсырма (жұптық жұмыс)

Оқушылар үлгі бойынша отбасы мүшелері туралы сөйлеседі және үш сөзді ағылшын тілінде айтады.

Критерий

Үлгі бойынша отбасы мүшелері туралы сөйлесу және үш сөзді ағылшынша айту.

Дескрипторлар

  • Отбасы мүшелеріне қатысты сөздерді орынды қолдана алады.
  • «Ана», «әке», «ата», «әже» сөздерін ағылшынша айта алады.

ҚБ

«Смайлик» әдісі.

Сергіту сәті

Оқушылар қимыл-қозғалыс арқылы отбасы мүшелерін қайталайды:

Бас бармақ — әкем
Балаң үйрек — шешем
Ортан терек — апам
Шылдыр шүмек — әпкем
Кішкене бөбек — мен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.

Қорытынды жұмыс

Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды орындайды және «Менің анам» тақырыбын бекітеді.

Отбасы мүшелері Сипаттау сөздері Тәуелдік жалғауы Тыңдалым