Оғыз мемлекетінің әскербасы

Сабақтың тақырыбы

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI–IX ғғ.)

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі

Ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі

  • Карта
  • Сөзжұмбақтар
  • Кестелер
  • Конверттер
  • «Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер» плакаты
  • Тақырыптық слайдтар мен суреттер

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы алған білімдерін тексеру.

Білімділік

Қазақстан жерінде өмір сүрген ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы білімдерін қолдана отырып, сөздік қорын толықтыру және ойды ауызша жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Алдыңғы тақырыптарды қайталау арқылы тіл байлығын, ой-өрісін, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілік

Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер тарихы арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге, отаншылдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Ойын бөлімдерімен таныстыру
  • Топтармен таныстыру

Қамтылатын бөлімдер

  1. Бәйге
  2. Кім шапшаң?
  3. Кім тапқыр?
  4. Шешендік

Ойын бөлімдері

I бөлім. Бәйге

Дұрыс жауап — 10 ұпай

Ойын шарты: берілген сұрақтарға мүмкіндігінше тез жауап беру.

1-топ сұрақтары

  1. Түрік қағанаты қашан құрылды? 552 ж.
  2. Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді? Таласқа
  3. Түрік қоғамында «тат» деп кімді атаған? Құлды
  4. Тарихшы Әл-Марвазидің дерегі бойынша қарлұқтар құрамында қанша тайпа болған? 9
  5. Оғыз мемлекетінің орталығы қай қала болды? Янгикент

2-топ сұрақтары

  1. «Түрік» сөзі алғаш рет қай жылы және қай деректе кездеседі? 542 ж., Қытай деректерінде
  2. Оғыздарда жоғарғы билік иесі қалай аталды? Жабғу
  3. Қарлұқ қағанатының орталығы қай қала болды? Суяб
  4. Қимақтардың шаруашылығы туралы жазған орта ғасырлық ғалым кім? Парсы тарихшысы Гардизи
  5. Түркеш қағанаты қашан құрылды? 704 ж.

II бөлім. Кім шапшаң?

Дұрыс жауап — 10 ұпай

Ойын шарты: шапшаңдық танытып, кестені дұрыс толтыру.

III бөлім. Кім тапқыр?

Дұрыс жауап — 20 ұпай

Ойын шарты: сөзжұмбақтарды шешу.

1-топ тапсырмалары

  • 704–756 жж. билік құрған қағанат
  • VI–VIII ғғ. түрік тайпалары қолданған жазу
  • Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері
  • Оғыз мемлекетінің әскербасы
  • VIII ғ. көне түрік ескерткіші
  • Түркі тілдес тайпа
  • Билік өкілдерінен құралған кеңесші ұйым

2-топ тапсырмалары

  1. Шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатқан қағанат
  2. Түркеш қағанатының кіші ордасының орталығы
  3. Бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас
  4. VIII ғ. түркі тайпаларының көне тас жазуы
  5. Тайпа: көптеген түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы
  6. Батыс Түрік қағанатында 610–618 жж. билеген қаған
  7. Түркі тілдес тайпа
  8. Түрік қағанатының негізін салушы

IV бөлім. Шешендік

Дұрыс жауап — 30 ұпай

Ойын шарты: екі топқа тақырыпқа байланысты сұрақ қойылады. Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалып, жауаптары бағаланады.

Сұрақ

Сол кезеңде сен қаған болсаң, не істер едің? Қандай саясат жүргізер едің?

Қорытынды

Марапаттау

Ойын соңында жеңімпаз топ марапатталады.

Бағалау

Оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы мәнжазба жазып келу.
  • Тақырып бойынша салыстырмалы, баламалы, ашық және жабық тесттер құрастыру.