Көк жолақша

Сабақтың қысқаша паспорты

Білім саласы

Таным

Бөлімі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы

Ұзын – қысқа ұғымдары

Мақсаты

  • «Ұзын» және «қысқа» ұғымдарымен таныстыру.
  • Беттестіру (үстіне қою) әдісі арқылы ұзындықты салыстыруға үйрету.
  • Практикалық әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдануға дағдыландыру.
  • Қашықтан бақылап, заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруға үйрету.
  • Саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Дымбілмес қуыршағы
  • Көк (ұзын) және қызыл (қысқа) жолақшалар
  • Тұзды қамырдан жасалған моншақтар
  • Құрғақ бассейн
  • Ойыншықтар
  • Көрнекі материалдар (слайд/теледидар)

Сөздік жұмысы

Ұзын Қысқа

Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»

Сабақты жылы атмосферамен бастап, балаларды тақырыпқа жұмылдыру.

Өлең жолдары

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Жыл мезгілі туралы сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі? — Қыс.
  • Қыс мезгілінде неше ай бар? — Үш ай.
  • Қыс айларын атаңдар. — Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Іздену-ұйымдастырушылық кезең

Ойын, көрнекілік және практикалық тапсырмалар арқылы «ұзын–қысқа» ұғымдарын бекіту.

Тосын сәт: Дымбілмес қонақта

Есік қағылып, қолында қорапшасы бар Дымбілмес кіреді. Ол балалармен амандасып, қорапша ішінде тапсырмалар әкелгенін айтады. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, сыйлық беретінін хабарлайды.

Дайындық сұрағы

Қорапшаны ашып, жолақшалардың түстерін анықтаймыз: көк қызыл

I тапсырма: Суреттермен жұмыс (сұрақ–жауап)

Көрнекілік арқылы түсіндіру

Балалардың бойын салыстыру

  • Бұл кімдер? — Балалар.
  • Бұл баланың бойы ұзын ба, қысқа ма? — Ұзын.
  • Ал мына баланың бойы ше? — Қысқа.
  • Кімнің бойы ұзын: Диастікі ме, Ұлжандікі ме? — Балалардың жауабы.

Жолдарды салыстыру

  • Мынау нелер? — Жолдар.
  • Мынау қандай жол? — Ұзын жол.
  • Ал мына жол қандай? — Қысқа жол.

II тапсырма: Беттестіру және қатар қою арқылы салыстыру

Нақты әрекет

Үстіне қою (беттестіру)

Қызыл жолақшаны көк жолақшаның үстіне қоямыз. Қайсысы ұзын? Көк жолақша ұзын.

Қасына қою

Қызыл жолақшаны көк жолақшаның қасына қоямыз. Қайсысы ұзын? Көк жолақша ұзын.

Негізгі қорытынды: ұзындықты салыстыру үшін беттестіру және қатар қою әдістерін қолданамыз.

III тапсырма: Дидактикалық ойын «Байқағыш»

Салыстыру дағдысы

Мақсаты

  • Заттың түрі мен көлемін ажырата білу.
  • Ойлау қабілетін дамыту.

1-слайд

Нелер бейнеленген? — Жылан және жұлдызқұрт.
Қайсысы ұзын? — Жылан ұзын.

2-слайд

Нелер? — Қарындаштар.
Қай қарындаш қысқа? — Жай қарындаш қызыл қарындаштан қысқа.

3-слайд

Нелер? — Қоян мен кірпі.
Қайсысының құлағы ұзын? — Қоянның құлағы ұзын.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

«Ұзын құлақ сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Топтық жұмыс: моншақ тізу

Ұсақ моторика

1-топ

Жіпке ұзын моншақ тізеді.

2-топ

Жіпке қысқа моншақ тізеді.

Қосымша тапсырма: «Құрғақ бассейннен ойыншық тап»

Зерттеу әрекеті

Құрғақ бассейн ішіндегі ойыншықтарды тауып, атауларын айтамыз. Содан кейін ойыншықтарды ұзындығына қарай салыстырамыз: керік — ұзын, аю — қысқа.

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Кері байланыс сұрақтары

  • Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?
  • Қандай тақырыппен таныстық?
  • Қай тапсырмалар ерекше ұнады?

Қорытынды және марапат

Дымбілмес балалардың белсенділігін атап өтіп, сыйлықтарын таратады және қоштасады. Тәрбиеші балаларды мадақтап, сабақтың нәтижесін бекітеді.

Күтілетін нәтиже

Білу
Заттарды ұзындығы бойынша салыстыра білу.
Меңгеру
Ұсақ моториканы және ұжыммен жұмыс жасауды меңгеру.

Автор туралы мәлімет

Мекеме: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, «Гаухар» бөбекжайы

Тобы: «Балапан»

Тәрбиеші: Берикбаева Алмагүл Сірікбаевна